«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Қазақстан Республикасының техникалық регламентіне өзгерістер енгізу жобасы бойынша жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарлама

Қазақстан Республикасының техникалық регламентіне өзгерістер енгізу

жобасы бойынша жария талқылаудың аяқталғаны туралы ХАБАРЛАМА

 

1. Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасының атауы

«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне өзгерістер енгізу туралы

2. Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар министрлігі

3. Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасын техникалық реттеу объектісі 

Техникалық регламенттің ережесі мақсаты мен меншік нысанына қарамастан жобалау, құрылыс, күрделі жөндеу, күрделі құрылыс объектілерін реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру, функционалдық мақсатын өзгерту, техникалық қызмет көрсету, объектілерді пайдалану кезінде орындау үшін міндетті.

4. Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасын әзірлеуді аяқтаудың болжамды күні

2025 жылғы 13 тамыз

 

5. Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстарды (пікірлерді) алуға арналған пошталық мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта адресі

ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті,

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты,

Тел.: 8(7172) 600-973.

Е-mail: mailibaev.a @emer.kz,

gpk_kps@emer.kz.

 

 

«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Қазақстан Республикасының техникалық регламентіне өзгерістер енгізу жобасы бойынша жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарлама
Дата публикации
18 августа 2025