«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне өзгерістер енгізу жобасын әзірлеу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасының техникалық регламентіне өзгерістер енгізу

жобасын әзірлеу туралы

ХАБАРЛАМА

 

1. Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасының атауы

«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

2. Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігі

3. Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасының техникалық реттеу объектісі

Техникалық регламенттің ережесі мақсаты мен меншік нысанына қарамастан жобалау, құрылыс, күрделі жөндеу, күрделі құрылыс объектілерін реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру, функционалдық мақсатын өзгерту, техникалық қызмет көрсету, объектілерді пайдалану кезінде орындау үшін міндетті

4. Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасын әзірлеу мақсаты

Техникалық регламентке өзгеріс енгізу сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтердің (ҚР ЕЖ 5.06-19-2012* «Ауа саңылауы бар аспалы қасбеттерді жобалау және монтаждау», ҚР ҚН 2.02-01-2023 «Ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігі») қолданыстағы талаптарына сәйкес келтіру мақсатында көзделеді

5. Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстарды (пікірлерді) жіберу үшін пошта мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта адресі

ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті, Астана қ., Мәңгілік ел д-лы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты,

Тел.: 8(7172) 600-973.

Е-mail: mailibaev.a@emer.kz, gpk_kps@emer.kz

6. Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасын жария талқылауды аяқтаудың болжамды күні

2025 жылғы 26 қаңтар

 

 

«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне өзгерістер енгізу жобасын әзірлеу туралы хабарлама
Дата публикации
02 декабря 2024