2021-2022 жылдарға арналған салалық ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті «2021-2022 жылдарға арналған Стандарттау, сертификаттау және метрология саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» ғылыми-техникалық бағдарламасын («табиғи ресурстарды, оның ішінде су ресурстарын ұтымды пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар» басым бағыты) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Конкурстың мәні болып табылатын салалық ғылыми зерттеулердің ақырыбы келесі мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша:

  1. Тегістеу режимдерінің екінші разрядты қаттылықтың эталондық өлшемдерінің метрологиялық сипаттамаларына әсерін зерттеу

1-міндет. Тегістеу режимдерін эксперименталды таңдау жолымен Қазақстан Республикасы өндірісінің Бриннель, Роквелл және Супер Роквелл шкаласы бойынша қаттылықтың эталондық өлшемдерін (қаттылық сандар ауқымы) метрологиялық сипаттамаларын жақсарту. Қаттылық шамаларының микроқұрылымдарын зерттеу. Тегістеуден кейінгі қартаю режимін анықтау. . Қаттылық сандарының көлемін азайту.

2-міндет. Әзірленген өлшемдерді Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне еңгізу.

2.Жаңа типін жасау және қолданыстағы үш үлгілерді аттестациялау арқылы металл иондары ерітінділерінің мемлекеттік стандартты үлгілерінің  номенклатурасын кеңейту

1-міндет. Аттестатталған мәннің салыстырмалы қателігі 1% - дан аспайтын және аттестатталған мәннің кеңейтілген белгісіздігі туралы ақпаратымен сипатталған 3 калий иондары құрамының мемлекеттік стандартты үлгіден (МСҮ) тұратын жиынтығын әзірлеу.

2-міндет. Аттестатталған мәннің салыстырмалы қателігі 1% - дан аспайтын және аттестатталған мәннің кеңейтілген белгісіздігі туралы ақпаратымен сипатталған иондар ерітінділерінің құрамын МСҮ: кальций KZ.03.01.00291-2011 (3 үлгіден тұратын жинақ, СҮ-21), магний KZ.03.01.00292-2011 (үлгіден тұратын жинақ, СО-22 жиынтықты құру), натрий KZ.03.01.00061-2007 үлгілерді жаңадан аттестаттау.

3-міндет. Әзірленген стандарттық үлгілердің типін бекіту, оларды Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне еңгізу.

3.Анион құрамының стандартты үлгілерінің ерітінділерін жаңа типін әзірлеу

1-міндет. Аттестатталған мәннің салыстырмалы қателігі 1% - дан аспайтын және аттестатталған мәннің кеңейтілген белгісіздігі туралы ақпаратымен сипатталған фторид -, хлорид -, бромид -, иодид -, нитрит -, нитрат-иондары құрамының МСҮ әзірлеу және аттестаттау.

2-міндет. Әзірленген стандарттық үлгілердің типін бекіту, оларды Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне еңгізу.

Конкурстық құжаттама мен өтінімді рәсімдеу бойынша түсіндіру жұмысын жүзеге асыруға жауапты тұлға – Сейтимов Толжан, телефон
8 (7172) 75 05 60.

Конкурстық өтінімдер Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне  «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы бағдарламаның ғылыми жетекшісінің және өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрде https://is.ncste.kz  сілтемесі бойынша беріледі.

Өтінімдерді қабылдау 2020 жылғы 17-қыркүйектен басталады.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі номер 210, 216, 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 228, 229, 231, 232, 233, 234, 235, 236). Жұмыс уақыты:  дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі конкурс жарияланған кезден бастап 45 (қырық бес) күнтізбелік күн өткеннен кейін бітеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конкурсная документация
Дата публикации
18 сентября 2020