Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәурдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
  2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

       Лауазымы

 

      Аты-жөні

 

 

 

        

 

 

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму,

инновациялар және аэроғарыш

өнеркәсібі министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Приложение 1
Дата публикации
18 сентября 2020