"Техникалық реттеу саласында бақылау сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығының жобасы

Техникалық реттеу саласында бақылау сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы

 

     

 «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1 –тармағы 16-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Техникалық реттеу саласында бақылау сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидасы бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық 2024 жылғы 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

      Лауазымы                                                                                                 ТАӘ

Бұйрық
Дата публикации
23 мая 2024