Төтенше жағдай режимі жағдайында өлшем құралдарын қолданудың кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 6-2-бабына сәйкес коронавирусты инфекцияның (COVID-19) таралуына байланысты Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

  1. Төтенше жағдай кезеңінде тексеру/калибрлеу туралы сертификаттардың қолданылу мерзімі төтенше жағдай режимі аяқталған күннен бастап 30 күнтізбелік күнге дейін өткен эталондар мен өлшеу құралдарын қолдануға рұқсат етілсін.
  2. Қолданылу мерзімі төтенше жағдай кезеңінде өткен өлшеу құралдарының түрін бекіту туралы сертификаттардың қолданылу мерзімін 2020 жылғы 30 тамызға дейін ұзартылсын.
  3. «ҚазМетрИн» РМК Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тиісті өзгерістер енгізсін.
  4. Аумақтық департаменттер осы ақпаратты мүдделі жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізсін.
  5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Төраға                                                                                А. Шаккалиев

 

Согласовано

14.05.2020 13:25 Мейрбаева Галия-Бану Ондасыновна

Подписано

14.05.2020 18:52 Шаккалиев Арман Абаевичvv

Дата публикации
02 сентября 2020