«Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 6-2-бабына сәйкес коронавирусты инфекцияның (COVID-19) таралуына байланысты Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды және Метрология жөніндегі ғылыми-техникалық комиссия отырысының 2020 жылғы 09 маусымдағы № 4 хаттамасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
«1. Салыстырып тексеру/калибрлеу туралы сертификаттардың төтенше жағдай/карантин кезеңінде қолданылу мерзімі өткен эталондар мен өлшем құралдарын, мерзімі өткен сәттен төтенше жағдай/карантин режимі аяқталған күннен бастап күнтізбелік 30 күнге дейін қолдануға рұқсат етілсін.
Басқа өңірде эталонды немесе өлшем құралдарын тексеру/калибрлеу жүргізу қажет болған жағдайда, тиісті өңірде төтенше жағдай/карантин режимі аяқталған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң».
Төраға А. Шаккалиев
Согласовано
15.06.2020 17:15 Токушев Канат Кайратович
15.06.2020 17:21 Мейрбаева Галия-Бану Ондасыновна
15.06.2020 17:28 Нурдаулетова Жаннетта Бакытовна
Подписано
17.06.2020 14:00 Шаккалиев Арман Абаевич