1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қойылатын міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігін бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 51 шешімнің 1-тармағының б) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қойылатын міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігін бағалау тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалар ZonsonSmartAutoCorporation (Қытай Халық Республикасы) шығарған, GRANTON маркалы М3 санатындағы, Қазақстан Республикасына № 1 «Алматы Электр Автобус Парк» ЖШС, БСН 181040029481, 175 бірлік көлемінде әкеген, жаңа электр доңғалақты көлік құралдарына қолданылады.
Қағидаларда сәйкестікті бағалау туралы жеткілікті құжат ретінде – Қазақстан Республикасының көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлігін айқындау есебінен Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 018/2011) (бұдан әрі - КО ТР 018/2011) техникалық регламентінде белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды ұсыну рәсімін қолдану көзделеді.
Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес сәйкестікті растаудан өткен және Қазақстан Республикасының көлік құралы құрылымының қауіпсіздігі туралы куәлік алған көлік құралдары Қазақстан Республикасында бастапқы мемлекеттік тіркеуге жатады.
Мұндай көлік құралын тіркеу туралы куәлікте «Көлік құралының тек Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етіледі» деген жазу жазылады.
- Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
- айналымға шығару – мүдделі тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралын (шассиді) шектеусіз пайдалануға және оған иелік етуге рұқсат беру;
- бастапқы тіркеу – Қазақстан Республикасының аумағында алғаш жүзеге асырылатын, көлік құралын мемлекеттік тіркеу;
- дәлелдемелік материалдары – техникалық реттеу объектісінің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін анықтауға мүмкіндік беретін ақпарат қамтылған құжаттар;
- көлік құралы – М3 санатындағы доңғалақты құрылғы, ZonsonSmartAutoCorporation (Қытай Халық Республикасы) шығарған, «GRANTON» маркалы, Қазақстан Республикасына 175 бірлік көлемінде әкелінген, жаңа электрлі доңғалақты көліктер;
- көлік құралының (шассидің) типі – техникалық сипаттамада тіркелген конструктивтік белгілері ортақ, бір дайындаушы жасаған көлік құралдары (шасси);
- қауіпсіздікті қамтамасыз ету – техникалық реттеу объектісін азаматтардың өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, мемлекеттік және коммуналдық мүлікке, қоршаған ортаға зиян келтірудің жол берілмейтін қаупі жоқ жағдайға келтіруге бағытталған
іс-шаралар кешені;
- Қазақстан Республикасы көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік (әрі қарай – ҚР КҚКҚТК) – айналымға шығарылатын көлік құралдарының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін куәландыратын, сынақ зертханасы беретін көлік құралының сәйкестігін бағалау туралы құжат;
- сынақ зертханасы – құзыреті ISO 17025 стандартының талаптарына сәйкес келетін, Кеден одағының сертификаттау жөніндегі органдарының және сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген, көлік құралының сәйкестігін бағалауды жүргізу үшін Қазақстан Республикасы мәлімдеген аккредиттелген сынақ зертханалары.
2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу тәртібі
1.Көлік құралын айналысқа шығарар алдында олардың сәйкестігін бағалауды сынақ зертханасы әрбір көлік құралын конструкцияның техникалық сараптамасы нысанында сәйкестендіргеннен кейін жүзеге асырады.
- Тексеруге тек жиынтықты көлік құралдары ғана тартылады.
- Өтініш беруші сынақ зертханасына Қазақстан Республикасы көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті ресімдеу үшін қажетті көлік құралының жалпы техникалық сипаттамасымен, осы Қағидаларға
1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
- Сынақ зертханасы өтінім тіркелген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті ресімдеуге келісім береді немесе негізді түрде бас тартады.
- Сынақ зертханасы көлік құралының сәйкестігін бағалауды жүргізуге келісім бергеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде көлік құралын сәйкестендіреді, көлік құралының конструкциясына техникалық сараптама жүргізеді, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті ресімдеуді және бекітуді жүзеге асырады.
- Қазақстан Республикасы көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде сынақ зертханасы оны өтініш берушіге жібереді және көшірмесін техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органға береді.
- Техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес құжаттарды сынақ зертханасынан алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірлерін, маркаларын және коммерциялық атауларын көрсете отырып, ҚР КҚКҚТК тізілімінде ҚР КҚКҚТК тіркейді.
- Қазақстан Республикасы көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік осы Қағидаларға сәйкес сынақ зертханасының бланкісінде сынақ зертханасының мөр бедерімен бекіту жолымен қағаз жеткізгіште ресімделеді.