Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

«Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 877 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 51 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қойылатын міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі осы қаулыға сәйкес сәйкестікті бағалаудан өткен көлік құралдарының бастапқы мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулы күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылдың 15 қазанына дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
01 сентября 2023