«Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 562-НҚ бұйрығына толықтыру енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                       65-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 562-НҚ бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:

бұйрыққа 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-жолмен толықтырылсын:

«

6.

Алкоголь өнімінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

ДСМ

2023 жылғы

маусым

                                                                                                                        ».

  1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының сауда және интеграция бірінші вице-министріне жүктелсін.
  3. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Дата публикации
01 декабря 2022