Осы Заң өнімге, оның ішінде өнімге қойылатын талаптармен байланысты ғимараттар мен құрылыстарға, жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, құрылыс, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілеу және орындау кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, өнімге, процестерге және қызмет көрсетуге, техникалық реттеу саласындағы сәйкестікті бағалау мен мемлекеттік бақылау мен қадағалауға қойылатын талаптарды ерікті негізде қолдану, сондай-ақ техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) қауіпсіздік – зиян келтіру және (немесе) залал келтіру мүмкіндігіне байланысты жол берілмейтін тәуекелдің болмауы;
2) өзара байланысты стандарттар – техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттар;
3) сәйкестік сертификатының (көлік құралы типі конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік, көлік құралы типін мақұлдау) иесі – сәйкестік сертификатын немесе сәйкестікті бағалау туралы өзге де құжатты алған сәйкестікті бағалауды жүргізуге өтінім беруші. Бұл ретте сәйкестік сертификатының иесі тек Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы не Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын Қазақстан Республикасында тіркелген жеке кәсіпкер ғана бола алады;
4) сәйкестікті растау құжатын пайдаланушы - бұл Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға не болмаса өнімді кейіннен өткізу үшін сәйкестік сертификаты иесінен немесе декларацияны қабылдаған тұлғадан Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамасына сәйкес ресімделген сәйкестікті растау құжаты түпнұсқасының көшірмесін алған жеке кәсіпкер;
5) сәйкестікті бағалау жөніндегі құжаттар – электрондық сәйкестік сертификаттары, сәйкестік туралы декларациялар, жалпы қауіпсіздік туралы декларация, сынақ хаттамалары, көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктер, көлік құралының типін мақұлдау, шасси типін мақұлдау және техникалық регламенттерде және ұлттық стандарттарда белгіленген өзге де құжаттар;
6) өнімді айналымға шығару - кәсіпкерлік қызметті өтеусіз немесе өтеулі негізде жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында тарату мақсатында өнімді жеткізу (өткізу) немесе әкелу (оның ішінде дайындаушының қоймасынан жөнелту немесе қоймалаусыз жөнелту);
7) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі - техникалық реттеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы;
8) сәйкестік туралы декларация - дайындаушы, импорттаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға және сатушы айналымға шығарылатын өнімнің, процестер мен қызметтердің техникалық регламенттерде қамтылған белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын электрондық құжат;
9) жалпы қауіпсіздік жөніндегі декларация - Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 526 шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімнің бірыңғай тізбесі (бұдан әрі-бірыңғай тізбе) енгізілмеген өнімге, сондай-ақ Бірыңғай тізбеге енгізілген, бірақ оған қатысты техникалық регламенттер қабылданбаған немесе күшіне енбеген өнімге қатысты дайындаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, импорттаушы, сатушы қабылдайтын электрондық құжат;
10) сәйкестікті ерікті растау - өтінім берушінің бастамасы бойынша стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкестігіне жүргізілетін өнімнің, процестердің және көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім;
11) дәлел материалдар – объективтік куәліктер, оның ішінде фото және бейне тіркеу көмегімен алынған, өнім үлгілерін іріктеу туралы, сынау, зерттеу және (немесе) өлшеу нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын, сондай-ақ сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды және (немесе) сәйкестікті бағалау объектісінің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін дәлелдейтін өзге де құжаттарды және (немесе) өнімнің бақылау үлгілерін сынақ зертханаларында (орталықтарында) сақтауды, талап етілетін көрсеткіштер мен параметрлерге қол жеткізуді растайтын құжаттарды және қажет болған жағдайларда дайындаушының, импорттаушының, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, сатушы декларацияны қабылдау құқығы;
12) өнімнің өмірлік циклі - жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, құрылыс, монтаж, жөндеу, пайдалану, сақтау, тасымалдау, сату және кәдеге жарату процестері;
13) өтiнiм берушi – Қазақстан Республикасының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген сәйкестікті растау және (немесе) сынақтар жүргізу үшін өнімді, процестерді және көрсетілетін қызметті ұсынған жеке кәсіпкер ретінде заңды тұлға немесе жеке тұлға (дайындаушы, импорттаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, сатушы);
14) сәйкестiк белгiсi – өнімнің және көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде және (немесе) ұлттық стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар ету үшін қызмет ететін белгі;
15) дайындаушы – Қазақстан Республикасының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген сериялық - шығарылатын өнімді өндіруді немесе өндіруді және өткізуді өз атынан жүзеге асыратын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретіндегі жеке тұлға;
16) импорттаушы – Қазақстан Республикасының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген шетелдік дайындаушымен (сатушымен) партиялық – шығарылатын өнімді беруге арналған сыртқы сауда шартын (келісім-шартты) жасасқан заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде жеке тұлға осы өнімді айналымға шығаруды және (немесе) оны Қазақстан Республикасының аумағында сатуды жүзеге асырады;
17) сынақ – сәйкестікті растау шеңберіндегі рәсім не сынақ зертханасы (орталығы) жүргізетін сәйкестікті бағалаудың дербес нысаны, олардың нәтижесі өнім үлгісінің, сәйкестікті бағалаудың өзге объектісінің қасиеттерінің бір немесе бірнеше сандық және (немесе) сапалық сипаттамаларын белгіленген әдістеме бойынша айқындау болып табылады;
18) сынақ зертханасы (орталық) (бұдан әрi – зертхана) – белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін, сынақтарды (зерттеулерді) жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
19) тиісті зертханалық практиканың сәйкестік мониторингі – тиісті зертханалық практика қағидаттарын сақтауды растау мақсатында сынақ зертханаларын мерзімді инспекциялау және (немесе) оларды зерттеу нәтижелерінің аудиті;
20) нормативтік техникалық құжат – техникалық және технологиялық нормаларды қамтитын нормативтік құжат;
21) мiндеттi сертификаттау – сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың техникалық реттеу объектілерінің техникалық регламенттің талаптарына сәйкестiгiн міндетті растау нысаны;
22) сәйкестiктi мiндеттi растау - өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім;
23) сәйкестiктi растау жөнiндегi орган - сәйкестiктi растау жөнiндегi қызметті жүзеге асыру үшiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға;
24) сәйкестікті бағалау – техникалық реттеу объектісіне қойылатын талаптардың сақталуын тікелей немесе жанама айқындау;
25) оқыту орталығы - сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
26) сәйкестiктi растау - нәтижесі техникалық реттеу объектісінің техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын рәсім;
27) тиісті зертханалық практика қағидаттары– клиникаға дейінгі зертханалық зерттеудің сапасын қамтамасыз етуге, оның ішінде адам денсаулығын сақтау, қоршаған ортаның қауіпсіздігі саласындағы клиникаға дейінгі зертханалық зерттеулерді ұйымдастыру, жоспарлау процестеріне, жүргізу және бақылау тәртібіне, осындай зерттеулердің нәтижелерін ресімдеуге, мұрағаттауға және ұсынуға бағытталған талаптар жүйесі;
28) сатушы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, сатып алу-сату шарты бойынша тұтынушыға партиялық-шығарылатын өнімді өткізетін заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде жеке тұлға;
29) өнім – материалдық-заттай нысанда ұсынылған және шаруашылық және өзге де мақсатта одан әрі пайдалануға арналған қызмет нәтижесі;
30) процесс - өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiн қоса алғанда, қандай да бiр тапсырылған нәтижеге жету жөнiндегi өзара байланысты және дәйектi iс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;
31) көлік құралдарын дайындаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру – Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылық қызметін жүзеге асыратын тұлға ретінде тіркелген көлік құралын жасаушыға жекелеген таным белгілерін бекітіп беру;
32) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі (бұдан әрі – техникалық реттеу тізілімі) – электрондық нысанда жүзеге асырылатын техникалық регламенттерді, аккредиттеу субъектілерін, сәйкестікті бағалау жөніндегі берілген құжаттарды, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды, жабдықтарды, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы ақпаратты және техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы және стандарттау саласындағы өзге де мәліметтерді есепке алу жүйесі;
33) орындаушы - Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары, ақылы және (немесе) өтеусіз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе қызмет көрсететін Қазақстан Республикасында тіркелген жеке кәсіпкерлер;
34) көлік құралын дайындаушының халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлік - Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылық қызметті жүзеге асыратын тұлға ретінде тіркелген көлік құралын дайындаушының халықаралық сәйкестендіру коды берілгенін растайтын құжат;
35) сәйкестік сертификаты - өнімнің, процестердің және көрсетілетін қызметтердің техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын электрондық құжат;
36) сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын рәсім;
37) сәйкестікті растау схемасы - сәйкестікті растау рәсімдерінің жиынтығы мен дәйектілігі;
38) техникалық кедергi - стандарттау жөніндегі техникалық регламенттерде және құжаттарда қамтылған талаптардың айырмашылықтары немесе өзгермелілігі салдарынан елдер арасындағы саудада туындайтын кедергі;
39) техникалық регламент - өнімге және (немесе) олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ратификацияланған Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт;
40) техникалық реттеу – өнімге немесе өнімге қойылатын талаптарға байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, құрылыс, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілеу, қолдану және орындау саласындағы, сондай-ақ сәйкестікті бағалау саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу;
41) техникалық хатшылық – көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру, көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы берілген куәліктер туралы мәліметтер жинау және көлік құралдарын дайындаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган айқындайтын ұйым;
42) уәкілетті орган - техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
43) дайындаушы уәкілеттік берген тұлға – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес немесе Еуразиялық экономикалық одақтың өзге қатысу-мемлекеті тіркеген, дайындаушымен, оның ішінде шетелдік дайындаушымен шарт негізінде осы дайындаушының атынан Қазақстан Республикасының аумағында сериялық-шығарылатын өнімнің сәйкестігін бағалау және айналымға шығару кезінде іс-қимылды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде жеке тұлға;
44) көрсетілетін қызмет - нәтижелері материалдық көрінбейтін және стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес келетін жеке тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;
45) сәйкестікті растау жөніндегі аудитор-сарапшылар – уәкілетті органмен анықталатын тәртіпте аттестацияланған жеке тұлғалар;
46) техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) - техникалық реттеудің ақпараттық жүйесіне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын Интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс;
47) техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі – техникалық реттеу тізілімінде қамтылған мәліметтер мен ақпараттарды сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
48) техникалық жағынан күрделі бұйым – техникалық жағынан күрделі ішкі құрылғысы бар өнеркәсіптік бұйым, ол көптеген құрылымдық элементтерді немесе бір бүтін элементтерді құрайтын, оны мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік беретін әртекті элементтерді қамтиды.
2-бап. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы
3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
азаматтық авиация өнімдерін, қорғаныс және қауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз етуге арналған қорғаныс өнімдерін, оның ішінде мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жеткізілетін өнімді, мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді (Мемлекеттік құпияларды) қорғау мақсатында пайдаланылатын немесе заңнамаға сәйкес қорғалатын қолжетімділігі шектеулі өзге де ақпаратқа жататын өнімді, ол туралы мәліметтер мемлекеттік құпияны құрайтын өнімді (мемлекеттік құпияларды) қоспағанда, өнім), атом энергиясын пайдалану саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты талаптар белгіленетін өнімдер, бұрын пайдалануда болған өнімдер, ветеринариялық препараттар, дәрілік заттар, медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника);
өнімге қойылатын талаптарға байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, құрылыс, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестері;
реттелуі Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген мемлекеттік, медициналық, білім беру, қаржылық, банктік және басқа да қызметтерді қоспағанда, көрсетілетін қызметтер болып табылады.
4-бап. Техникалық реттеудiң және сәйкестікті бағалаудың негiзгi мақсаттары мен принциптерi
1) өнiмнiң, адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған ортаға, оның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне арналған процестер қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
2) қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
3) өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты тұтынушыларды адастыруға әкелетін өнімдердің сәйкестігін бағалау мен қадағалаудың дұрыстығын қамтамасыз ету арқылы іс-әрекеттердің алдын алу;
4) саудадағы техникалық кедергiлердi жою;
5) сатып алушыларға, оның ішінде тұтынушыларға өнімді, жұмыстар мен қызметтерді құзыретті таңдауда жәрдемдесу болып табылады.
1) мемлекеттiк техникалық реттеу және сәйкестікті бағалау жүйесiнiң бiрлiгi мен тұтастығы;
2) техникалық регламенттерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын ұйымдардың техникалық регламенттерінде бірыңғай міндетті талаптарды белгілеу;
3) дайындаушы, импорттаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, сатушы өз өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді декларациялауды
4) дайындаушының, импорттаушының, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның, сатушының техникалық регламенттерге және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес келетін өнімді айналымға шығарғаны үшін жауапкершілігі;
5) техникалық реттеу субъектілерінің техникалық реттеу процестеріне қатысуы үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
6) техникалық регламенттер мен өзара байланысты стандарттарды әзiрлеу кезiнде ғылым мен техника жетiстiктерiн, халықаралық және өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттерінің стандарттарын басым пайдалану;
7) техникалық регламенттерінің талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, материалдық-техникалық базасы және ғылыми-техникалық дамуы деңгейiне сәйкестігі;
8) аккредиттеу және сәйкестікті растау жөніндегі өкілеттіктерді бір органның қоса атқаруына жол бермеу;
9) бiр мемлекеттiк органда мемлекеттiк бақылау мен қадағалау және сәйкестiктi растау функцияларының үйлеспеушiлiгi;
10) сәйкестікті растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан, импорттаушылардан, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғалардан, сатушылардан тәуелсіздігі;
11) сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарда бәсекелестiктiң шектелуiн болдырмау;
12) сәйкестікті бағалау рәсімдерінің дұрыстығы мен қадағалануы;
13) өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің сапасын арттыру жолымен олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ету.
5-бап. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы
Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымын:
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң техникалық реттеу саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің техникалық реттеу саласындағы құзыретіне:
1) мемлекеттік саясаттың техникалық реттеу саласындағы негізгі бағыттарын әзірлеу;
2) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін құру;
3) техникалық реттеу саласында құқықтық реформаны қамтамасыз ету;
4) өнімнің өмірлік циклі сатыларында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органдарды айқындау;
5) тиісті зертханалық практика принциптерін іске асырудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту;
6) оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген басқа да функцияларды орындау жатады.
7-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкiлеттi орган мынадай функцияларды орындайды:
Техникалық реттеу саласында:
1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн құруға қатысады;
2) мемлекеттік саясатты техникалық реттеу саласында іске асыруды жүзеге асырады;
3) Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
4) көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу жөніндегі қағиданы бекітеді;
5) көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру қағидасын бекітеді;
6) көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәліктің нысанын бекітеді;
7) тиісті зертханалық практика принциптерін іске асыру бағдарламасын әзірлейді;
8) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды бекітеді;
9) техникалық реттеу мәселелері бойынша сараптамалық кеңестермен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;
10) Қазақстан Республикасының атынан техникалық реттеу, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда өкілдік етеді;
11) техникалық реттеу тізілімін қалыптастыру, жүргізу және ілестіру қағидаларын бекітеді;
12) Ақпарат орталықтың жұмыс жасауын қамтамасыз етеді;
13) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға рұқсат беру талаптарын, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, сондай-ақ аттестаттау, ұзарту, тоқтата тұру, (кері қайтарып алу) айыру және сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың аттестаттарының қолданылуын тоқтату тәртібін бекітеді;
14) сәйкестікті раста, сарапшы-аудиторларды даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын оқу орталықтарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ олардың тізбесін жүргізеді;
15) тауардың шығарылуы туралы, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау туралы сараптама актілерін беруді куәландыру кезінде тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
16) Техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, техникалық регламенттерде, ұлттық стандарттарда белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
17) техникалық реттеу саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тәуекел дәрежесін бағалаудың тексеру парақтары мен критерийлерін әзірлейді және бекітеді;
18) тиісті зертханалық практика мониторингі органын анықтайды;
19) өнiмнiң және процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүдделерінде консультациялық-кеңесшi органдар құрады;
20) әзірленген техникалық регламенттерге сараптама жасауды, келісуді, техникалық регламенттердің қолданылуын тоқтата тұруды немесе жоюды келісуді, оның ішінде салалық мемлекеттік органдардың техникалық регламенттердің қолданылуын тоқтата тұру немесе жою мәселелеріне бастамашылық етуді жүзеге асырады;
21) техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібін белгілейді;
22) техникалық регламенттерді бекітеді;
23) техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін өнімді жою тәртібін бекітеді;
24) профилактикалық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесін, сондай-ақ оларды техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілерінің ұсыну тәртібін бекітеді;
25) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді айналымға шығаруға, әкелуге және транзиттеуге тыйым салады;
26) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу кезінде өнім үлгілерін іріктеуді жүргізеді;
27) техникалық реттеу саласындағы заңнама талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқамалар береді;
28) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сәйкестікті бағалау жөніндегі құжаттардың қолданылуын тоқтата тұруды, қайта жаңартуды және тоқтатуды жүзеге асырады;
29) өнімнің техникалық регламенттерге сәйкессіздігі анықталған жағдайда, оның өмірлік циклінің кез келген сатыларында сәйкессіздік себептерін тексеруге бастамашылық жасайды;
30) техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес оны алып қою және сотқа талап-арыз беру жолымен оны иелену, пайдалану және оған билік ету құқығынан айыруға дейін айналымға шығарудың жолын кесу және оған жол бермеу жөнінде ықпал ету шараларын қабылдайды;
31) мемлекеттік органдарға техникалық реттеу объектілерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына, техникалық регламенттерге және ұлттық стандарттарға сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізу;
28) жеке, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер техникалық реттеу саласындағы лауазымды адамдар берген заңды талаптарды немесе ұйғарымдарды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгінеді;
29) техникалық реттеу саласына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара әрекеттеседі.
Сәйкестікті бағалау саласында:
жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
8-бап. Мемлекеттік органдардың техникалық реттеу саласындағы құзыреті
Мемлекеттік органдар өз құзыреті шектерінде техникалық реттеу саласында:
1) техникалық регламенттерді бекітуді, олардың күшін жоюды, тоқтата тұруды, сондай-ақ уәкілетті органмен келісу бойынша өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерге өзгерістер енгізуді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық регламенттерді әзірлеу туралы ұсыныстар немесе техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар әзірлеу және уәкілетті органға енгізу;
3) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды;
4) сараптамалық кеңестерді құруды;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өнімнің өмірлік циклінің сатыларында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау (қадағалау);
6) техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақты іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және орындау;
7) салалық құзыреттілікке сәйкес тиісті зертханалық практика қағидаттарын іске асыру мәселелері бойынша ведомстволық бағдарламаларды әзірлеу;
8) тиісті зертханалық практика саласында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) талаптарына сәйкес келетін нормативтік-әдістемелік базаны әзірлеу (әзірлеуге қатысу) ;
9) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сәйкестікті міндетті растауға жататын өнімдер жөніндегі зертханаларды құру, жаңғырту және жарақтандыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
10) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестігін бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне енгізу жөніндегі жұмысқа қатысады (одан алып тастаулар);
11) техникалық регламенттердің талаптарын іске асыру үшін нормативтік техникалық құжаттар қолданылған жағдайда, оларды белгіленген тәртіппен ұлттық стандарттар ретінде әзірлеуді қамтамасыз етеді;
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9-бап. Стандарттау жөніндегі ұлттық органның техникалық реттеу саласындағы өкілеттіктері
Стандарттау жөніндегі ұлттық орган:
1) мемлекеттік саясатты техникалық реттеу саласында іске асыруға қатысады;
2) техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысады;
3) сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысады;
4) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10-бап. Техникалық реттеу саласындағы аккредиттеу жөніндегі органның өкілеттіктері
Акредиттеу жөніндегі орган:
11-бап. Сараптамалық кеңестер
Сараптамалық кеңестің құрамына мемлекеттік органдардың, стандарттау жөніндегі бейінді техникалық комитеттердің, Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтардың өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар енгізілуі мүмкін.
12-бап. Техникалық реттеу тізілімі
Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар техникалық реттеу тізілімін қалыптастыру, жүргізу және сүйемелдеу қағидаларына сәйкес тізілімге ақпаратты береді.
1) техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы техникалық реттеу тізілімінің деректерін қалыптастыру, жүргізу, беру және сақтау;
2) өтінім берушінің жеке кабинетін ашу;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес техникалық реттеудің ақпараттық жүйесіне енгізілген мәліметтер мен ақпаратты алуға құқығы бар мемлекеттік органдарға мәліметтер мен ақпаратты беру;
4) техникалық реттеудің ақпараттық жүйесін пайдаланушыларға ақылы электрондық қызметтер көрсету;
5) мәліметтер мен ақпаратты жариялау;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функциялар.
13-бап. Ақпарат орталығы
1) қолданыстағы немесе әзірленетін техникалық регламенттер, ветеринариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар, стандарттау жөніндегі құжаттар, оларға өзгерістер және өнімнің, көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау рәсімдері;
2) Қазақстан Республикасының стандарттау, сәйкестікті растау, аккредиттеу, ветеринария және фитосанитария саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы, екі жақты және көп жақты сипаттағы Халықаралық ұйымдарға және халықаралық шарттарға мүшелігі немесе қатысуы;
3) әзірленетін және қабылданған техникалық регламенттердің, стандарттау жөніндегі құжаттардың, ветеринариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралардың және өнімнің, көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау рәсімдерінің жобаларын немесе олар туралы ақпаратты жариялау көздері туралы құжаттар мен ақпараттың көшірмелерін ұсыну жөнінде консультациялық қызметтер көрсету мақсатында Дүниежүзілік сауда ұйымының Хатшылығымен, Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшелерімен, халықаралық және шетелдік стандарттау жөніндегі ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен құрылып, жұмыс істейді.
14-бап. Тиісті зертханалық практика сәйкестігін мониторингілеу органы
1) сынақ зертханаларының тиісті зертханалық практика принциптеріне сәйкестігіне мониторинг жүргізеді;
2) сынақ зертханасының тиісті зертханалық практика принциптеріне сәйкестік мәртебесін анықтайды;
3) тиісті зертханалық практика принциптеріне сәйкестік мониторингін жүзеге асыратын инспекторларды дайындайды;
4) тиісті зертханалық практика принциптеріне сәйкестік мониторингі бағдарламасына енгізілген сынақ зертханаларының тізілімін жүргізеді;
5) ЭЫДҰ басқа да мүше мемлекеттерімен тиісті зертханалық практика принциптеріне сәйкестік мониторингіне қатысты ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
6) тиісті зертханалық практика мәселелеріне жататын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;
7) клиникалық емес зертханалық зерттеу нәтижелерін тануға жататын өзге де функцияларды жүзеге асырады.
15-бап. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар
1) өтінім берушілердің сәйкестікті міндетті және ерікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге өтінімдерін қарайды, сәйкестікті растау үшін ұсынылған өнімді, көрсетілетін қызметті сәйкестендіреді;
2) сәйкестікті міндетті және ерікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
3) сәйкестік туралы декларацияны қабылдау үшін қажетті жұмыстарды дайындаушының, импорттаушылардың, дайындаушының уәкілетті тұлғаларының, сатушылардың өтінімдері бойынша жүргізеді;
4) сәйкестiктi растау схемасына сай сәйкестiгi мiндеттi растаудан өткен өнiмге инспекциялық бақылау жүргiзедi, оның белгiленген талаптарға сәйкес еместiгi анықталған жағдайда, берiлген сәйкестiк сертификаттарының қолданылуын немесе сәйкестiк туралы декларацияны тiркеудiң қолданылуын уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен тоқтата тұрады немесе олардың күшiн жояды;
5) өнімді зерттеу (сынау) және өлшеу процесін, нәтижелерін фото және (немесе) бейне тіркеуді жүргізеді (егер бұл техникалық регламентпен көзделсе).
1) сәйкестікті растау саласында құжаттарды электронды нысанда беру арқылы дайындаушының (орындаушының), сатушының өтiнiмi бойынша аккредиттеу саласы шегiнде объектiлердiң сәйкестiгiн мiндеттi және ерiктi түрде растауды жүргізуге;
2) өтiнiм берушiден сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн қажеттi құжаттардың ұсынылуын сұратуға құқылы.
өтiнiм берушiнiң сәйкестiктi растау қағидалары мен шарттары туралы ақпаратқа кедергiсiз қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;
2) өтінім берушіге қатысты кемсітушілікке жол бермеуге;
3) сәйкестік туралы тіркелген декларациялар, берілген, тоқтата тұрған, күші жойылған (тоқтатылған) сәйкестік сертификаттары туралы, сертификаттаудан бас тарту, сынақ хаттамалары туралы деректердің электрондық есебін және оларды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен беруді жүзеге асыруға;
4) өнiмнің, көрсетiлетiн қызметтің шығарылған еліне қарамастан, өтiнiм берушiнiң коммерциялық мүддесiн құрайтын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
5) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.
16-бап. Зертханалар
1) өзiнiң аккредиттеу саласы шегiнде сәйкестiктi мiндеттi немесе ерiктi растау мақсатында объектiлерге сынақ жүргiзедi;
2) сынақ нәтижелерiнiң дәйектiлiгiн қамтамасыз етедi;
3) сәйкестікті бағалау қағидаларында көзделген тәртiппен және нысандар бойынша жұмыс нәтижелерiн ресiмдейдi және бередi;
4) процесті, өнімді зерттеу (сынау) және өлшеу нәтижелерін фото және (немесе) бейне тіркеу жүргізеді (егер бұл техникалық регламентте көзделген болса);
5) зерттелген (сыналған) өнімнің бақылау үлгілерін сақтайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтi жүзеге асырады.
17-бап. Сәйкестік сертификаты (сәйкестікті бағалау туралы өзге құжат) иесінің, декларацияны қабылдайтын тұлғаның және техникалық реттеу саласындағы өзге де жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері
1) сәйкестікті растау жөніндегі органға қайта сертификаттауға өтініммен жүгінуге;
2) сәйкестікті растау жөніндегі органға сәйкестік сертификатына және құзыреттілік сертификатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, сертификаттың телнұсқасын беру, сертификаттың қолданылуын тоқтату, қайта сертификатталған жағдайда сертификат беру туралы өтінім беруге;
3) уәкілетті органға сәйкестікті растау жөніндегі органның шешімдеріне және (немесе) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), ал олардың шешімімен келіспеген не заңнамада белгіленген мерзімде жауап ала алмаған жағдайда, сот органдарына шағым жасауға;
4) осы Заңға, Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де актілеріне, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне және Еуразиялық экономикалық одақтың өзге де құқықтарына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, сертификаттау жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған шартқа, объектіге инспекциялық бақылау жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған шартқа сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
1) сертификаттауға өтінім беруші мен сәйкестікті растау жөніндегі орган арасындағы шарттың талаптарына сәйкес сәйкестікті растау жөніндегі орган өзіне жеткізген тиісті өзгерістерді іске асыруды қоса алғанда, сертификаттау талаптарын тұрақты орындауға;
2) сәйкестігіне сертификаттау жүргізілген техникалық регламенттерде белгіленген өнімге қойылатын талаптарды орындауға;
3) инспекциялық бақылауды жүзеге асыратын сәйкестікті растау жөніндегі орган өкілдерінің ұйым аумағына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге және оларға құжаттар мен жазбаларды қарауға ұсынуды, сәйкестік сертификаты иесінің жабдығына, персоналына және қосалқы мердігерлеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуді қоса алғанда, оны жүргізу үшін қажетті барлық жағдайларды жасауға;
4) инспекциялық бақылауды жүзеге асыру кезінде сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың жұмысына бақылаушылардың қатысуына (қажет болған жағдайда) кедергі келтірмеуге;
5) сертификатталған өнімге барлық жарнамалардың (талаптардың) есебін жүргізуге және олар туралы сәйкестікті растау жөніндегі органға дереу хабарлауға, сертификаттау талаптарын сақтауға әсер ететін өнімде табылған осындай жарнамаларға (шағымдарға) және кез келген кемшіліктерге қатысты тиісті шаралар қабылдауға және қабылданған әрекеттерді құжаттауға;
6) сәйкестікті растау жөніндегі органның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін өнімді сертификаттауды пайдаланбауға, сәйкестікті растау жөніндегі орган жаңылыстыратын немесе заңсыз деп санай алатын өз өнімін сертификаттауға қатысты ешқандай мәлімдеме жасамауға;
7) сәйкестік сертификаты тоқтатыла тұрғаннан немесе жойылғаннан кейін сертификаттауға қандай да бір сілтемелері бар барлық жарнамалық материалдарды пайдалануды тоқтатуға және сертификаттау схемасында талап етілетін шараларды қабылдауға;
8) сәйкестік сертификатын пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамасына сәйкес ресімделген сәйкестік сертификаттарының көшірмелерін беруге;
9) сәйкестік сертификаттарын пайдаланушылардың есебін жүргізуге;
10) сәйкестікті растау жөніндегі органды өнімнің, оны өндіру процесінің, басқару жүйесінің (болған жағдайда) барлық өзгерістері, өндірістің технологиялық жарақтандырылуының өзгергені, өндірістік алаңдардың ауыстырылғаны, ұйымдық-құқықтық мәртебесінің немесе меншік нысанының өзгергені, мекенжайының, байланыс деректерінің өзгергені туралы хабардар етуге;
11) қажет болған жағдайда, сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде екі ай бұрын сәйкестікті растау жөніндегі органға сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы хат жолдауға міндетті.
1) сәйкестікті декларациялау кезінде қолданылатын сәйкестікті растаудың кез келген схемасын олардың қолданылу шарттарын ескере отырып, осы сәйкестікті бағалау объектісі үшін көзделген схемалар арасынан таңдауға;
2) Қазақстан Республикасының техникалық регламентінде немесе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде анықталған таңдап алынған сәйкестікті растаудың схемасын және дәлелдеме материалдарының құрамына қойылатын талаптарды ескере отырып белгілі бір сәйкестікті бағалау объектісіне қатысты дәлелдеме материалдарының нақты құрамын, ал егер Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері немесе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері болмаған немесе егер дәлелдеме материалдарының құрамы олардың тарапынан анықталмаған жағдайда, сәйкестікті растау қағидаларына сәйкес айқындауға;
3) егер Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде және Еуразиялық экономикалық одақтың өзге де құқықтарында өзгеше көзделмесе, сәйкестікті растау жөніндегі органға жазбаша нысанда декларацияны тіркеу туралы өтініш беруге;
4) сәйкестікті растау жөніндегі органға жазбаша нысанда сәйкестік туралы декларацияны тіркеудің қолданылуын тоқтату туралы өтінішті, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сәйкестік туралы декларацияның қолданылуын тоқтату туралы хабарламаны немесе бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларацияның қолданылуын тоқтату туралы өтінішті беруге;
5) аккредиттеу жөніндегі органға сәйкестікті растау жөніндегі органның іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), ал аккредиттеу жөніндегі органның шешімі болмаған не жауап алмаған немесе оның шешімімен келіспеген жағдайда, сотқа шағымдануға құқылы.
1) Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті растау қағидаларының сәйкестікті декларациялауды жүргізуге және декларацияларды тіркеуге қатысты талаптарын орындауға;
2) өзіне қатысты декларация қабылданған және тіркелген өнімнің Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;
3) өзіне қатысты сәйкестікті растау рәсімдері жүргізілген және Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келетін өнімді таңбалау үшін Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде және Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарында белгіленген тәртіппен сәйкестік белгісін қолдануға;
4) егер бұл өнім декларацияда көрсетілген актілерде (құжаттарда) жазылған техникалық талаптарға сәйкес келмесе, өзіне қатысты тіркелген декларациясы бар өнімді айналымға шығаруды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға міндетті.
18-бап. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың құзыреті және оларға қойылатын талаптар
2-тарау. Техникалық регламенттер
19-бап. Жалпы ережелер
2.Қазақстан Республикасының бекітілген (қабылданған) және қолданысқа енгізілген (күшіне енген) техникалық регламенттерінің және Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптары мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің барлық субъектілерінің сақтауы үшін міндетті болып табылады.
4.Оларға қатысты өнімдер үшін не болмаса Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері қолданысқа енгізілмеген (күшіне енбеген) әзірлеу, жобалау, іздестіру, өндіру, салу, монтаждау, баптау, пайдалану (қолдану), сақтау, тасу (тасымалдау), өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын талаптарға байланысты өнімдер үшін, Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінің және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің не болмаса Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдерінің талаптары қолданылады.
5.Егер сыртқы сауда шартының талаптарында Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерімен немесе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерімен белгіленгеннен өзге техникалық талаптар айқындалса, Қазақстан Республикасында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерге экспортқа өткізуге арналған өнімді өндіру кезінде осындай шарттың талаптары қолданылады.
Өзара байланысты стандарттарды талдауды және жүйелендіруді Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес Стандарттау жөніндегі ұлттық орган жүзеге асырады.
Өнімді өндіру кезінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптар мен нормалардың орындалуын қамтамасыз ету шартымен стандарттау жөніндегі құжаттар пайдаланылуы мүмкін.
20-бап. Техникалық регламенттердің мазмұны
1) оның талаптары қолданылатын өнімдердің, процестердің толық тізбесін;
2) техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін өнімнің сипаттамаларына, процестерге қойылатын талаптарды қамтуы тиіс.
Техникалық регламентте өнімнің сынамасын іріктеу және сынау ережелері, сәйкестікті растау ережелері мен нысандары (оның ішінде сәйкестікті растау схемалары) және (немесе) терминологияға, орауға, таңбалауға немесе затбелгі жапсыруға және оларды салу ережелеріне қойылатын талаптар болуы мүмкін.
1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, бала емізетін аналар, мүгедектер) қорғауды қамтамасыз ететін;
2) егер климаттық және географиялық ерекшеліктеріне байланысты мұндай талаптардың болмауы осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға қол жеткізбеуге әкеп соқса, Қазақстан Республикасының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерінде қолданылатын;
3) техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамның өмірі мен денсаулығына, Қазақстан Республикасының және басқа да шектес мемлекеттердің қоршаған ортасына қатер төндіретін трансшекаралық қауіпті өндірістік объектілерге арнайы талаптар болуы мүмкін.
21-бап. Техникалық регламентті әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және күшін жою ерекшеліктері
Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарда көзделмеген бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.
1) жобаны жария талқылауды ұйымдастырады;
2) алынған ескертулердi есепке ала отырып жобаны пысықтайды және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге орналастырады;
3) техникалық регламенттiң жобасына алынған ескертпелердi мүдделi тараптарға олардың сауал салуы бойынша бередi;
4) қолдану нәтижесінде техникалық регламент талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін өзара байланысты стандарттардың тізбесін, сондай-ақ техникалық регламент талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын өзара байланысты стандарттардың тізбесін (бұдан әрі – тізбелер) қалыптастырады, олар техникалық регламент жобасына қосымша түрінде ресімделеді.
Қолдану нәтижесінде техникалық регламенттің талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін өзара байланысты стандарттардың тізбесі, техникалық регламенттің талаптары тікелей орындалуы мүмкін болған жағдайда қалыптастырылмайды.
Зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, оның ішінде техникалық регламенттің талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын өзара байланысты стандарттардың тізбесі (бұдан әрі - қағидалар мен әдістерді қамтитын өзара байланысты стандарттар тізбесі), техникалық регламентте сәйкестікті бағалауды жүргізу туралы талаптар болмаған не болмаса техникалық регламенттің талаптарына сәйкестікті бағалау зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдерді жүргізбей жүзеге асырылуы мүмкін жағдайларда қалыптастырылмайды.
Қағидалар мен әдістерді қамтитын өзара байланысты стандарттар тізбесіне ұлттық стандарттар және (немесе) мемлекетаралық стандарттар, ал олар болмаған жағдайда өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін міндетті болып табылатын өлшемдерді орындау әдістемесі енгізіледі.
Қағидалар мен әдістерді, ұлттық стандартты және (немесе) мемлекетаралық стандартты қамтитын өзара байланысты стандарттар тізбесінде, ал олар болмаған жағдайда техникалық регламенттің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті өлшемдерді орындау әдістемесі болмаған жағдайда, техникалық регламенттің тиісті талабы тиісті ұлттық стандарт және (немесе) мемлекетаралық стандарттар, ал олар болмаған жағдайда өлшемдерді орындау әдістемесі ережелер мен әдістерді қамтитын стандарттар тізбесіне енгізілгеннен кейін ғана күшіне енеді.
Қабылданған техникалық регламент туралы хабарлама ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымының Хатшылығына жіберілуге тиіс.
3-тарау. Сәйкестікті бағалау
22-бап. Сәйкестікті бағалау
1) сәйкестікті бағалау және сынау схемалары, рәсімдері;
2) сәйкестікті бағалау құжаттарының нысандары, оларды ресімдеу тәртібі;
3) ерікті сертификаттау жүйесін құру және қолдану, сондай-ақ тіркелген ерікті сертификаттау жүйелерінің тізілімін жүргізу тәртібі және көрсетілген тізілімде қамтылған мәліметтерді ұсыну тәртібі.
4) мемлекеттік органдардың салалық заңнамалық актілерде белгілейтін сәйкестікті растау нысандарын техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті органмен келісу тәртібі.
23-бап Сәйкестікті бағалау нысандары мен объектілері
1) сертификаттау;
2) декларациялау;
3) егер олар техникалық регламенттерге сәйкес сәйкестікті бағалаудың дербес нысаны болып табылса, сынақтар;
4) техникалық регламенттерде және (немесе) ұлттық стандарттарда белгіленген өзге нысандары түрінде жүргізіледі.
24-бап. Сәйкестікті бағалау жөніндегі құжаттар және сәйкестікті бағалау саласындағы өзге құжаттар
Сәйкестікті бағалау жөніндегі құжаттарға:
1) сәйкестік сертификаты;
2) сәйкестік туралы декларация;
3) егер сынақ техникалық регламентке сәйкес сәйкестікті бағалаудың өзіндік нысаны болып табылса, сынақ хаттамасы;
4) жалпы қауіпсіздік жөніндегі декларация;
5) тіркеу (мемлекеттік тіркеу), сынау, сараптама және (немесе) өзге де нысанда техникалық регламенттерде және ұлттық стандарттарда белгіленген өзге құжаттар жатады.
25-бап. Өнімнің, процестер мен қызметтердің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау
1) сәйкестікті растау схемалары, рәсімдері;
2) сәйкестікті растау құжаттарының нысандары, оларды ресімдеу тәртібі;
3) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікті растау құжаттарын тіркеу, олардың қолданылуын тоқтата тұру, жаңғырту және тоқтату тәртібі;
4) сертификатталған өнімнің, процестердің техникалық регламенттерде және ұлттық стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген органның инспекциялық бақылауды жүзеге асыру тәртібі;
5) ерікті сертификаттау жүйесін құру және қолдану, сондай-ақ тіркелген ерікті сертификаттау жүйелерінің тізілімін жүргізу тәртібі және көрсетілген тізілімде қамтылған мәліметтерді ұсыну тәртібі белгіленеді.
26-бап. Сәйкестікті міндетті растау
Сәйкестікті растау туралы құжаттарсыз өнімді айналымға шығару жеке және заңды тұлғалардың құқықтарына, заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді.
1) сәйкестiк туралы декларация қабылдау;
2) міндетті сертификаттауды жүргізу нысандарында жүзеге асырылады.
Өнімді сәйкестендіру мақсатында ұйым стандарттарын қолдануға жол беріледі, бірақ ұйым стандарттары сәйкестікті міндетті растау рәсімдерін жүргізу үшін қолданылмайды.
Өнімнің сәйкестігін міндетті түрде растау кезінде техникалық сарапшылар тартылуы мүмкін.
27-бап. Өнімдердің жалпы қауіпсіздігі туралы декларация
28-бап. Көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру
29-бап. Көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды бекіту және тіркеу
30-бап. Көлік құралдарын дайындаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру
31-бап. Сәйкестікті растау саласындағы өнімді дайындаушылардың, импорттаушылардың, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғалардың, сатушылардың құқықтары мен міндеттері
1) техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға осы өнім үшін көзделген сәйкестікті растау нысаны мен схемасын таңдауға;
2) аккредиттеу саласы мәлімделген өнімге қолданылатын сәйкестікті растау жөніндегі кез келген органға жүгінуге;
3) егер бұл сәйкестікті растаудың таңдалған схемасында көзделсе, сәйкестікті міндетті растаудан өткен өнімге сәйкестік белгісін қолдануға;
4) сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және аккредиттелген зертханалардың заңсыз әрекеттеріне уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағыммен жүгінуге;
5) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.
1) техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға өнімнің сәйкестігін қамтамасыз етуге;
2) өнім сәйкестігін растауды өткізуді қамтамасыз етуге;
3) егер бұл сәйкестікті растаудың таңдалған схемасында көзделсе, сәйкестікті растаудан өткен өнімге инспекциялық бақылау жүргізу үшін шарттарды қамтамасыз етуге;
4) сәйкестікті растағаннан кейін ғана өнімді өткізуге;
5) мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға қажетті ақпаратты, сәйкестік сертификаттарын (олардың көшірмелерін), өнімнің сәйкестігі туралы декларацияны (олардың көшірмелерін), басқа да дәлелдеме материалдарды беруге;
6) ілеспе құжаттамада сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация туралы мәліметтерді көрсетуге;
7) егер сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның қолданылу мерзімі аяқталса не болмаса сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның қолданылуы тоқтатыла тұрса, күші жойылса немесе тоқтатылса, өнімді айналымға шығаруды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға;
8) сертификатталған өнімді өндірудің техникалық құжаттамасына немесе технологиялық процестеріне енгізілетін өзгерістер туралы сәйкестікті растау жөніндегі органға хабарлауға;
9) сәйкестікті растау нәтижелері бойынша, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді өндіруді (әкелуді) тоқтата тұруға;
10) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді кері қайтарып алуды қамтамасыз етуге;
11) уәкілетті органның ұйғарымын уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындауға;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік алуға міндетті.
32-бап. Сәйкестік сертификаты
Сәйкестік сертификатының иесі дайындаушы, импорттаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, сатушы болып табылады.
Сәйкестік сертификаты оны берген сәйкестікті растау жөніндегі органда тіркеуге жатады.
33-бап. Сәйкестік белгісі
34-бап. Сәйкестік туралы декларация
1) жеке дәлелдемелер негізінде сәйкестік туралы декларацияны қабылдауда;
2) менеджмент жүйелерін сертификаттау жөніндегі органның және (немесе) аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) және (немесе) өнімді сертификаттау жөніндегі органның қатысуымен алынған дәлелдемелер негізінде сәйкестік туралы декларацияны қабылдаумен жүзеге асырылуы мүмкін.
Сәйкестікті растау үшін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін құжаттардың тізбесі тиісті техникалық регламентте айқындалады.
Дәлелдемелер ретінде өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін негіз болған техникалық құжаттама, меншікті зерттеулер (сынаулар) мен өлшемдердің нәтижелері және (немесе) басқа да құжаттар пайдаланылады.
Өз дәлелдері мен сәйкестікті растау жөніндегі органның қатысуымен алынған дәлелдері негізінде сәйкестікті декларациялау кезінде өтінім беруші өз дәлелдемелеріне қосымша өз қалауы бойынша зертханада жүргізілген зерттеулер (сынаулар) мен өлшемдердің хаттамаларын пайдалануға, сапа менеджменті жүйесінің сертификатын ұсынуға құқылы.
Егер осындай өнім үшін техникалық регламенттерде сәйкестікті растаудың өзге нысаны көзделген жағдайды қоспағанда, сапа менеджменті жүйесінің сертификаты өнімнің сәйкестігі туралы декларацияны қабылдау кезінде дәлелдемелер құрамында пайдаланылуы мүмкін.
35-бап. Сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнімнің нарықтағы айналым шарттары
Белгіленген тәртіппен сәйкестікті растаудан өтпеген, сәйкестігін міндетті растауға жататын өнімдерді жарнамалауға рұқсат етілмейді.
36-бап. Сәйкестікті ерікті растау
Ерікті сертификаттау жүйесін құрған тұлға немесе тұлғалар сертификаттауға жататын объектілердің тізбесін және оларға сәйкес ерікті сертификаттау жүзеге асырылатын олардың сипаттамаларын белгілейді, осы ерікті сертификаттау жүйесінің қатысушыларын анықтайды. Ерікті сертификаттау жүйесі сәйкестік белгісін қолдануды қарастырылуы мүмкін.
37-бап. Көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау
38-бап. Өнімді сынау
1) өнім үлгісінің, сәйкестікті бағалаудың өзге де объектісінің қасиеттерінің сипаттамаларын анықтау;
2) егер сынаулар сәйкестікті растау шеңберінде рәсім болып табылса, сәйкестікті растауды жүргізуді қамтамасыз ету;
3) егер сынақтар сәйкестікті бағалаудың дербес нысаны болып табылса, осы Заңның 4-бабы 1-тармағында көрсетілген өзге де мақсаттар болып табылады.
1) сынақ нәтижелерінің дұрыстығы, сынақтарды жүргізу кезіндегі бейтараптылық;
2) егер сынақтар сәйкестікті бағалаудың дербес нысаны болып табылса, осы Заңның 4-бап 2-тармағында көрсетілген өзге де қағидаттар болып табылады.
39-бап. Шет мемлекеттердің сәйкестікті растау нәтижелерін тану
4-тарау. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
40-бап. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау мақсаты
1) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар
2) аккредиттеу жөніндегі бағалаушылар;
3) аккредиттеу субъектілері;
4) аккредиттеу жөніндегі орган;
5) тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сараптама ұйымы және сарапшы-аудиторлар;
6) тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге және ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау туралы сертификатты беруге уәкілетті ұйым;
7) сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын оқу орталықтары;
8) жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, дайындаушылар, импорттаушылар, сатушылар, дайындаушылар уәкілеттік берген тұлғалар.
9) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын және техникалық реттеу объектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес пайдалану құқығына ие жеке және заңды тұлғалар.
41-бап. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау
40-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау
1) мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері, мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдар ұсынған мәліметтерді зерделеу және талдау;
2) техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінен және басқа да ақпараттық жүйелерден алынған ақпараттар мен мәліметтер;
3) бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған ақпарат пен мәліметтер, жеке және заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің өтініштері негізінде жүзеге асырылады.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда тапсырылған болып есептеледі::
1) қолма – қол-алу туралы ұсынымға белгі қойған күннен бастап;
2) пошта – тапсырыс хатпен;
3) электрондық тәсілмен – уәкілетті орган аумақтық бөлімшенің сұрау салуы кезінде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жіберген күннен бастап жүзеге асырылады.
42-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау
1) өнім үлгілерін іріктеу қажеттілігіне;
2) бақылау субъектілерінің бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша ұсынымдарды орындамауына;
3) ақпараттық жүйелерді мониторингілеу нәтижелерін және мемлекеттік органдардан алынған мәліметтерді тексеруге байланысты болған жағдайда, техникалық реттеу саласындағы профилактикалық бақылауды тағайындау үшін негіз болып табылады.
43-бап. Техникалық реттеу саласындағы өнім үлгілерін іріктеу
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары объектілердің тізбесін уәкілетті орган бекітеді.
өнім техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда жұмсалған үлгілердің құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргізуге арналған шығындарды бюджет қаражаты есебінен жатқыза отырып;
өнім техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жұмсалған үлгілердің құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргізуге арналған шығындарды тексерілетін тұлғалардың есебінен жатқыза отырып, жүзеге асырылады.
44-бап. Өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін айналымға шығару бөлігінде техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік қадағалау (өнімді алып қою бойынша жедел ден қою шаралары)
Жедел ден қою шараларын жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін бұзушылықтар анықталған жағдайда, жоспардан тыс тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында қоғамға қауіпті салдардың туындауын болдырмау мақсатында өнімді алып қою арқылы аумақтық бөлімшелердің лауазымды тұлғалары қолданады.
Қоғамдық қауіпті салдарға:
1) сәйкестікті бағалау жөніндегі құжаттарды беру кезінде техникалық регламенттер талаптарының бұзылуы анықталған;
2) өнімге сәйкестік сертификаты болмаған;
3) өнім үлгілерін сынау нәтижелері бойынша өнімді таңбалауға қойылатын талаптарды қоспағанда, өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеуі жағдайлар да әсер етуі мүмкін.
Өнімді алып қою туралы қаулының нысанын уәкілетті орган бекітеді.
Өнімді алып қою туралы қаулыны орындамағаны үшін қадағалау субъектісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапты болады.
Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнім жойылуы тиіс. Жоюға жататын өнім экологиялық заңнамада, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы, азаматтық қорғау туралы және техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптар сақтала отырып кәдеге жаратылуы және қайта өңделуі немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс әкетілуі мүмкін.
45-бап. Техникалық реттеу саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы - уәкілетті орган ведомствосының басшысы;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары - уәкілетті органның және уәкілетті орган ведомствосы басшысының орынбасарлары;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас аумақтық мемлекеттік инспекторлары - аумақтық бөлімшелерінің басшылары;
4) мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас аумақтық мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары – аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;
5) мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар – аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мамандары кіреді.
5-тарау. Қорытынды ережелер
46-бап. Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшін жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің жауапкершілігі
47-бап. Өтпелі ережелер және осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
«Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92-құжат, 95; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат).
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
м