Сәйкестік сертификаты бланкілерінің нысандарын және
оларды толтыру тәртібін бекіту туралы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 29-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) міндетті және ерікті сертификаттау кезіндегі сәйкестік сертификаты бланкісінің нысаны;
2) міндетті және ерікті сертификаттау кезіндегі IAF MLA біріктірілген белгісімен (Халықаралық аккредиттеу форумын тану туралы көпжақты келісімнің халықаралық аккредиттеу форумы) (бұдан әрі – IAF MLA біріктірілген белгісі) сәйкестік сертификаты бланкісінің нысаны;
3) менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификаты бланкісінің нысаны;
4) IAF MLA біріктірілген белгісімен менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификаты бланкісінің нысаны;
5) менеджмент жүйесінің, сондай-ақ IAF MLA біріктірілген белгісімен ағылшын тілінде сәйкестік сертификаты бланкісі нысаны;
6) көрсетілетін қызметке арналған сәйкестік сертификаты бланкісінің нысаны;
7) міндетті және ерікті сертификаттау кезінде ағылшын тілінде сәйкестік сертификаты бланкісінің нысаны;
8) сәйкестік сертификаттарының нысандарын толтыру тәртібі.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |