Құттықтау сөзі ҚР ИЖТМ ТРМК төрағасы Әбенова А. Дүниежүзілік стандарттар күніне арналған онлайн форумда "Жақсы әлемнің жалпы көрінісі. БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын қолдау стандарттары" 13 қазан 2021ж.

Құрметті форумға қатысушылар мен қонақтар!

 

14 қазанда әлемдік қоғамдастық Дүниежүзілік стандарттар күнін (world Standards Day) атап өтеді. Стандарттар өнімнің сапасын, қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, өнеркәсіпті, сауданы дамытуда және инновацияларды енгізуде маңызды рөл атқара отырып, біздің өмірімізге үлкен үлес қосатыны жалпыға танылған факт.

Биылғы Дүниежүзілік стандарттар күнінің тақырыбы - " үздік әлемнің жалпы көрінісі. БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын қолдау стандарттары". Тұрақты даму мақсаттары неғұрлым тұрақты және гүлденген болашақты қамтамасыз ету мақсатында адамзаттың қазіргі кездегі маңызды жаһандық мәселелерін шешуге бағытталған.

Стандарттау орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін және әлемдік қоғамдастық белсенді қолданатын маңызды құрал болып табылады. ISO Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым тұрақты даму мақсаттарын іске асыруды қолдау үшін халықаралық стандарттарды тұрақты негізде жариялайды. 30 мыңға жуық ISO стандарттары адамзаттың жаһандық мәселелерін шешуге жәрдемдесу мақсатында барлық елдер үшін қол жетімді.

Қазақстанда ДСҰ-ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісіміне сәйкес халықаралық стандарттарды басым пайдалану стандарттаудың негізгі қағидаттарының бірі болып табылады. Бұл қағидат ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен үндестірудің жоғары деңгейі, сондай-ақ халықаралық стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттарын республиканың ұйымдары мен кәсіпорындарының тікелей қолдануы үшін жағдайлар жасау арқылы іске асырылады.

Осы жылы Дүниежүзілік стандарттар күнін атап өту біз үшін ерекше рөл атқарады және осы іс-шара аясында барлық елдердің ұлттық органдары адамдарды тұрақты даму мақсаттарын іске асыру мәселелеріне қатысуға шақырады.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің атынан барлық қатысушыларды Дүниежүзілік стандарттар күнімен құттықтауға, жұмыста табыс және өркендеу, сондай-ақ бүгінгі форумда жемісті жұмыс тілеуге рұқсат етіңіздер.

Құттықтау сөзі ҚР ИЖТМ ТРМК төрағасы Әбенова А. Дүниежүзілік стандарттар күніне арналған онлайн форумда "Жақсы әлемнің жалпы көрінісі. БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын қолдау стандарттары" 13 қазан 2021ж.
Дата публикации
15 октября 2021