Өнімнің өмірлік циклінің сатыларында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органдарды айқындау мақсатында Үкімет «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдарды айқындау туралы» қаулы шығарды, өнімнің өмірлік циклінің сатыларында бақылауды жүзеге асыру және «Техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 296 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» шешім қабылданды.
Қаулы «Техникалық реттеу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және оны қабылдай отырып, жобалаудан (өндіруден, сақтаудан, өткізуден) бастап кәдеге жаратуға дейінгі өнімнің өмірлік циклінің барлық сатыларында айналымдағы өнімнің қауіпсіздік деңгейлерін толық қамти отырып, техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау жүзеге асырылатын болады.
Қаулы мәтіні ресми дереккөздерде жарияланады.