Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Жоба
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарын сақтау үшін мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер,
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 53-бабы 4-тармағының екінші абзацына сәйкес,
Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) техникалық регламенттері талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау (қадағалау) саласындағы мүше мемлекеттердің заңнамасын жақындату қажеттігін мойындай отырып,
мүше мемлекеттердің аумақтарында қауіпсіз өнім өндірісі мен айналысына маңызды мән бере отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісім мүше мемлекеттерде Одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау (қадағалау)) мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдерін айқындайды.
2-бап
Дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың (бұдан әрі – дара кәсіпкерлер) өнімге және (немесе) өнімге қойылатын талаптарға байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, құрылыс, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне (бұдан әрі – өнімнің өмірлік циклінің сатыларына) қатысты Одақтың техникалық регламенттерінде белгіленген міндетті талаптарды сақтауы мемлекеттік бақылауға (қадағалауға) жатады.
Өнімнің өмірлік циклінің сатысына байланысты Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарын сақтамағаны үшін заңды тұлғалар немесе дара кәсіпкерлер, оның ішінде техникалық реттеу объектілерінің өндірісін және (немесе) сәйкестігін бағалауды және (немесе) өнімді айналысқа шығаруды және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын дайындаушылар, дайындаушы уәкілеттік берген адамдар, импорттаушылар мен сатушылар, сондай-ақ техникалық реттеу объектілерінің Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалауды жүзеге асыратын сәйкестікті бағалау жөніндегі органдар (оның ішінде сертификаттау жөніндегі органдар, сынақ зертханалары(орталықтар)) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауапты болады.
3-бап
Мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары мынадай қағидаттар негізінде жүргізеді:
заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің адалдығының анық-қанығына көз жетуі;
мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары қызметінің жариялылығы;
тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүргізудің жүйелілігі;
мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары лауазымды адамдарының кәсібилігі мен құзыреттілігі;
тексерілетін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;
мемлекеттік бақылау (қадағалау) бойынша іс-шараларды тағайындау және жүргізу, олардың нәтижелері бойынша шешімдер шығару кезінде заңдылықты сақтау;
мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының дайындаушылардан, сатушылардан, орындаушылардан және сатып алушылардан (оның ішінде тұтынушылардан) тәуелсіздігі;
мүше мемлекеттің аккредиттеу жөніндегі органының мүше мемлекеттердің сәйкестікті бағалау жөніндегі аккредиттелген органдардың (оның ішінде сертификаттау жөніндегі органдардың, сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметін бақылауды жүзеге асыруын қоспағанда, мүше мемлекеттің бір органының мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі өкілеттіктерді аккредиттеу жөніндегі өкілеттіктермен қоса атқаруына жол бермеу;
мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары лауазымды адамдарының объективтілігі мен бейтараптығы;
мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының қызметін мемлекеттік қаржыландыру;
жаза алдындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың басымдығы (Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді анықтау және оның таралуын тоқтату жөніндегі шараларды қолданбау адамның өміріне және (немесе) денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктердің өміріне және (немесе) денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін жағдайларды қоспағанда;
Одақтың техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарды бұзу тәуекелін бағалау;
бір заңды тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге қатысты Одақтың техникалық регламенттерінде белгіленген бір міндетті талаптардың мүше мемлекеттің бірнеше мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының орындалуына тексеру жүргізуге жол бермеу.
4-бап
5-бап
1) Техникалық реттеу объектілерінің Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалау кезінде өтініш беруші болып табылатын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер туралы мәліметтер, оның ішінде зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер;
2) мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды жүргізу нәтижесі бойынша алынған ақпарат;
3) Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін Техникалық реттеу объектілері туралы, сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес анықталған жануарлар мен өсімдіктерге зиян, қоршаған ортаға зиян келтірілген, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарынан түсетін жағдайлар туралы ақпаратты зерделеуді және жиынтықтауды қамтиды.
6-бап
Мемлекеттік бақылау (қадағалау) шеңберінде зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес аккредиттелген сынақ зертханаларында (орталықтарында) жүргізіледі.
Мүше мемлекеттің аумағында заңды тұлға ретінде мемлекеттік бақылау (қадағалау) үшін қажетті сынақтарды жүзеге асыратын бір ғана сынақ зертханасы (орталығы) тіркелген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік бақылау (қадағалау) шеңберінде осы өнім Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігіне бағаланатын (расталған) сынақ зертханасында (орталығында) өнім үлгілеріне зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер жүргізуге жол берілмейді.
Мемлекеттік бақылау (қадағалау) шеңберінде жүргізілген зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдердің нәтижелеріне қатысты келіспеушіліктерді шешу үшін стандарттар тізбесіне енгізілгендердің ішінен комиссия бекітетін өлшемдердің референттік әдістемесі (әдісі) ретінде қабылданатын Өлшем әдістемесін (әдісін) аттестаттау тәртібіне сәйкес айқындалатын өлшемдердің референттік әдістемелері (әдістері) қолданылады.
1) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бақылау (қадағалау) органының Одақтың техникалық регламенттері талаптарының бұзылуы туралы Мемлекеттік органдардан ақпарат алуы;
2) адамның өміріне және (немесе) денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктердің өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтіру және (немесе) келтіру қатерінің туындауы, қоршаған ортаға зиян келтіру;
3) мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
7-бап
Көрсетілген өзара іс-қимыл тәртібін Комиссия Кеңесі айқындайды.
8-бап
1) Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін анықталған өнім туралы, сондай-ақ мүше мемлекеттердің аумақтарында осындай өнімнің айналысының алдын алу, анықтау және тоқтату және (немесе) анықталған бұзушылықтардың теріс салдарын жою жөнінде қабылданған шаралар туралы;
2) Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін міндетті бағалауға жататын өнімді мүше мемлекеттің аумағында сәйкестікті бағалау туралы құжаттарсыз немесе оны жүргізу туралы мәліметтерсіз өткізудің анықталған жағдайлары туралымәліметтер алмасу
3) сертификаттау жөніндегі жұмыстарды орындау қағидаларын бұзу фактілерін және зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдердің дұрыс емес нәтижелерін ұсыну фактілерін қоса алғанда, өнімнің сәйкестігін бағалау бөлігінде Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарын бұзудың анықталған фактілері туралы сондай-ақ мәліметтермен алмасу арқылы жүзеге асырылады.
.3. Мәліметтерді ұсыну, жинау және қорыту тәртібін, олардың құрамын, оларды осы баптың 2-тармағында көрсетілген жалпы ақпараттық ресурстарда орналастыру тәртібін, сондай-ақ қауіпті өнім туралы ақпарат беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын Комиссия айқындайды.
9-бап
1) мүше мемлекеттердің аумақтарында Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім анықталған, оның ішінде осы құжатты берген органға не осы құжатты қабылдаған заңды тұлғаға немесе дара кәсіпкерге сәйкестікті бағалау туралы құжаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату (жарамсыз деп тану) қажеттігі туралы нұсқама беру туралы шешім қабылдау мақсатында;
2) Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің мүше мемлекеттердің аумақтарында айналымға шығарылуын және айналысын болғызбау болып табылады.
Мұндай өтінішті қарау нәтижелері бойынша Комиссия Алқасы тиісті шараны қолдану туралы шешім қабылдаған мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы мүше мемлекетке Одақтың техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарды ескере отырып, мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шаралардың нәтижелерін қайта қарауды ұсынуы мүмкін.
Көрсетілген өтініштерді қарау тәртібін Комиссия белгілейді.
10-бап
11-бап
Осы Келісімді қолдануға және (немесе) түсіндіруге байланысты даулар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартта айқындалған тәртіппен шешіледі.
12-бап
2019 "__"_____________ __________ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
Осы Келісімнің төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Келісімнің депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.
|
Армения Республикасы үшін |
Беларусь Республикасы үшін |
Қазақстан Республикасы үшін |
Қырғыз Республикасы үшін |
Ресей Федерациясы үшін
|