Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы
    7 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 11 желтоқсанда № 18006 болып тіркелді,
    2019 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін::

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамасында белгіленген тәртіпте:
  • осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етуді қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 Қазақстан Республикасының

Сауда және интеграция министрі                                                            Б. Сұлтанов

 

 

Справка
Дата публикации
15 марта 2021