Қазақстан Республикасының техникалық регламенті жобасын әзірлеу туралы хабарлама
|
1. Техникалық регламент жобасының атауы |
Азық және азық қоспаларына қойылатын талаптар |
|
2. Техникалық регламент жобасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органы |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
|
3. Техникалық регламент жобасының техникалық реттеу объектісі |
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімнің бірыңғай тізбесіне енгізілген өнімге қатысты қолдану. Техникалық регламент жобасының техникалық реттеу объектісі азық және азық қоспалары болып табылады. Техникалық регламенттің жобасы жеке қолдануға арналған және генетикалық түрлендірілген өсімдік және/немесе басқа шикізаттан дайындалған, үйде (фермерлік) дайындалған азық және азық қоспаларына қолданылмайды |
|
4. Техникалық регламент жобасын әзірлеу мақсаты |
«Азық және азық қоспаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрық жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы «Техникалық реттеу туралы» Заңының 48-бабының 2-тармағын және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді. |
|
5. Техникалық регламент жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстарды (пікірлерді) жіберу үшін пошта мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта адресі |
ҚР АШМ Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті, 010000 Нұр-Сұлтан қ., Кенесары көшесі, 36 ғимарат. Тел.: 8(7172) 555-859, 754868 a.omarov@minagri.gov.kz |
|
6. Техникалық регламент жобасын жария талқылауды аяқтаудың болжамды күні |
2021 жылғы 23 сәуір |