Қазақстан Республикасының техникалық регламенті жобасын әзірлеу туралы ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасының техникалық регламенті

жобасын әзірлеу туралы

ХАБАРЛАМА

1.       Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасының атауы

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар.

2.       Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

3.       Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасының техникалық реттеу объектісі

Техникалық регламенттің ережелері Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторлары және (немесе) байланыс желілерін иеленушілері байланыс қызметтерін көрсету кезінде орындаулары үшін міндеттеледі.

4.       Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасын әзірлеу мақсаты

Телекоммуникациялық желілерде жедел-іздестіру іс-шараларын өткізудің, абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау және сақтаудың техникалық мүмкіндіктерін іске асыру үшін байланыс операторлары және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің телекоммуникациялық жабдықтарына қойылатын міндетті талаптарын белгілеу.

Техникалық регламентті бекіту «Техникалық реттеу туралы» 2020 жылғы 30-желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес келтіру мақсатында жоспарланады.

5.       Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстарды (пікірлерді) жіберу үшін пошта мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта адресі

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Нұр-Сұлтан қ., Сығанақ к-сі, 20.

Тел.: 8(7172) 764-960, 764-979.

Е-mail: sert-3@bk.ru.

6.       Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасын жария талқылауды аяқтаудың болжамды күні

2021 жылғы 25-сәуір

 

 

Уведомление
Дата публикации
26 февраля 2021