Суық және ыстық су есептегіштері үшін бірыңғай тексеру аралық интервалды бекіту туралы

Суық және ыстық су есептегіштері үшін

бірыңғай тексеру аралық

интервалды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығымен бекітілген Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатының нысанын бекіту қағидаларының 28-тармағына сәйкес, сондай-ақ метрология жөніндегі ғылыми-техникалық комиссияның 2020 жылғы 14 сәуірінің №2 хаттамасы негізінде суық және ыстық су есептегіштері үшін бірыңғай тексеру аралықты белгілеу мәселесі бойынша БҰЙЫРАМЫН:

Суық және ыстық су есептегіштерінің (бұдан әрі - су есептегіштері) барлық түрлері үшін бірыңғай тексеру аралық интервалы орнатылсын:

  1. Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйе тізімінде бұрын тіркелген салыстырып тексеру аралығы 5 және одан жоғары жыл болатын су есептегіштері бірыңғай салыстырып тексеру аралығы 5 жыл болып бекітілсін;
  2. Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйе тізімінде бұрын тіркелген салыстырып тексеру аралығы 5 жылдан төмен су есептегіштерін салыстырып тексеру аралығы өзгеріссіз қалдырылсын.
  3. Салыстырып тексеру кезінде сертификаттарды ресімдеу кезінде 5 жылдан аспайтын бірыңғай тексеру аралық интервал орнатылсын.
  4. «Қазақстан метрология институты» РМК Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізіліміне тиісті өзгерістер енгізсін, сондай-ақ осы ақпаратты ресми сайтқа орналастырсын.
  5. Осы бұйрық күшіне енгенге дейін берілген салыстырып тексеру туралы сертификаттар сертификаттың мерзімі аяқталғанға дейін жарамды.
  6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Ғ-Б.О. Мейірбаеваға жүктелсін.
  7. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Төраға                                                                         А. Шаккалиев

 

 

Согласовано

12.05.2020 12:10 Мейрбаева Галия-Бану Ондасыновна

12.05.2020 12:22 Токушев Канат Кайратович

12.05.2020 12:24 Нурдаулетова Жаннетта Бакытовна

Подписано

12.05.2020 15:53 Шаккалиев Арман Абаевич

Дата публикации
12 мая 2020