Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 169 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Сәйкестік туралы тіркелген декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін және оларды беруді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 169 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Сәйкестік туралы тіркелген декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін және оларды беруді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 169 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6396 болып «Казахстанская правда» № 236 (26297)  газетінде 2010 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған) келесі өзгерістер енгізілді:

Сәйкестік туралы тіркелген декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін және оларды беруді жүзеге асыру қағидаларын осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес келесі жаңа редакцияда баяндалсын.

  1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)   осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
25 января 2020