«Техникалық реттеу туралы» 2020 жылғы _______ Қазақстан Республикасының Заңын және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару және төлемдер жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы _______ Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
- Қоса беріліп отырған «Техникалық реттеу туралы» 2020 жылғы __________ Қазақстан Республикасының Заңын және және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару және төлемдер жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы _______ Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне қабылдауға енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігін хабардар етсін.
- Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі ұсынылған ақпаратты жинақтасын және құқықтық актілер қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр А. Мамин