
1992 жылғы 10 шілдеде Қызылорда облысында дүниеге келген.
Білімі:
техника және технологиялар бакалавры, «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2013 ж.);
техника ғылымдарының магистрі, «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2016 ж.);
экономика және бизнес бакалавры, «Экономика» мамандығы (Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, 2020 ж.);
бизнес және басқару магистрі, «Мемлекеттік саясат» мамандығы (Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, 2025 ж.).
СТ РК ISO 21502-2022 стандарты бойынша сертификатталған жоба жетекшісі (Сертификат ЦПСПГУ тізілімінде №004164 болып тіркелген. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Астана қ., 2025 ж.).
Еңбек жолы:
2013-2015 жж. – жеке секторда (ЖШС, АҚ) жұмыс істеді;
2016-2021 жж. – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетінің сарапшысы, бас сарапшысы;
2021-2022 жж. – квазимемлекеттік секторда жұмыс істеді;
2022-2026 жж. – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің бас сарапшысы;
2026 жылғы сәуірден қыркүйекке дейін – Мемлекеттік бақылаубасқармасының басшысы, 2026 жылғы қыркүйектен қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Техникалық реттеу басқармасының басшысы.