
Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында белгіленген тапсырмаларға сәйкес, Қазақстанда минералдық шикізатты терең өңдеуді дамыту және терең өңделген өнім өндірісін ұлғайту үшін барлық қажетті жағдайлар жүйелі түрде жасалуда.
Осыған байланысты ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қайта өңдеу тарифтерін айқындаудың бірыңғай әрі ашық тетігін қалыптастыруға бағытталған Әдістеме әзірлеп, бекітті. Ол кәсіпорындардың жоспарлы шығындарын өтеу, есептеулердің объективтілігі мен ашықтығы, қолдану бірізділігі және бастапқы деректердің дұрыстығы сияқты қағидаттарға негізделген.
Негізгі мақсат – шикізат өндірушілер мен оны қайта өңдеу кәсіпорындарының экономикалық мүдделері арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету, сондай-ақ ел ішінде қосылған құнды арттыруға жағдай жасау.
Әдістеме бұйрыққа қол қойылған күннен кейін 10 күн өткен соң күшіне енеді.