
ҚР ИИДМ-да жер қойнауын пайдалану саласында лицензияларды беруді автоматизациялау мәселесі талқыланды. Аталған мәжіліс минитср Бебіт Атамқұлов төрағалығымен өтті.
Мәжілістің басты тапсырмасы – жемқорлық тәуекелдер мен бюрократияны азайту және процессті айқын және тездету.
Қазіргі уақытта Миниистрлік ҚР ЭГТРМ-мен бірге инвесторларға жер қойнауын пайдалану мақсатында бос жерлер ашық Интерактивті картасы қол жетімді болатын «Минералдық ресурстар ұлттық ақпараттар банкі» (ҰАБ) жүйесі іске асырылуда. Басты мақсаты – инвесторлардың, жер қойнауын пайдаланушылардың және мемлекеттің қызығушылығын қамтамасыз ететін оңтайландыру мен рұқсаттық және лицензиялық процедуралар бойынша жалпы автоматизациялау.
Сонымен қатар мәжілісте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрлері Р.Баймишев пен Д.Щеглова, ҚР ЭГТРМ-нің Геология комитетінің төрағасы Т.Б. Сәтиев, «Казгеология» АҚ басшысы А.К. Боранбаев, сондай-ақ «Транстелеком» АҚ өкілдері қатысты.
Мәжілістің нәтижесі бойынша электрондық түргеауысуды қамтамасыз ететін нормативтік актіні қабылдау қажеттілігі, сонымен өатар ҰАБ жүйесін 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында іске қосуды қамтамасыз етуі туралы шешім қабылданды. Министрлік ҰАБ жүйесінің функцианалдығын жақсарту мақсатында ашық талқылауға және s.eliupov@miid.gov.kz электрондық адресіне жіберу немесе 8 7172 98 34 28 Елиупов Санжарға қоңырау шалу арқылы жаңа ұсыныстарға ашық.