Құрметті арулар! ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтайды!

Құрметті арулар! ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтайды!

Құрметті арулар!

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтайды!

Әрқайсыңыз өмірдің әр саласын ұштастырып, еліміздің дамуына өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Қазақстан Республикасының Президенті атап өткендей, сіздер жас ұрпақты отаншылдыққа, білімпаздыққа, еңбекқорлыққа баулып жүрсіздер. Ұлт саулығын жақсартуға зор еңбек сіңіріп келесіздер. Қазақстанның көркеюіне елеулі үлес қосып жүрген осындай жандар зор құрметке лайық.

Сұлулықты айшықтайтын шуақты көктем мерекесінде сіздерге шын жүректен зор денсаулық, барлық бастамаларыңызға табыс және бақ-береке тілейміз.