
Бүгін Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемсараптама» РМК Оңтүстік өңірлік филиалы Жамбыл облысы бойынша департаментінің өндірістік бөлімінің сарапшысы Ольга Шелудькоға «Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы» құрметті атағын табыс етті. Бұл марапат алғаш рет тағайындалған.
Ольга Шелудько құрылыс саласына 53 жылдан астам уақытын арнады. Оның 22 жылы «Мемсараптама» РМК ұйымында еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде ол Қазақстандағы құрылыс жобаларының сапасын қамтамасыз ету жолында өзінің тәжірибесі мен озық білімін қолдана отырып, мемлекеттік сараптаманың дамуына елеулі үлес қосты. Оның кәсібилігі мен жауапкершілігі әріптестері арасында жоғары бағаланады.
Ольга Николаевнаның көп жылғы еңбегінің арқасында осындай жоғары атаққа ие болуы – «Мемсараптама» РМК барлық қызметкерлері үшін ғана емес, жас мамандарына да өз ісіне ұзақ жылдар бойы адал болу - әрқашан лайықты баға табатының көрсеткіші.