Өңірде облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Осылайша, биыл мұнда 25 жоба қайта жаңарту және орташа жөндеу жұмыстарын көздейді.
Атап айтқанда, жол компаниялары «Новодолинка – Шахан – Молодецкое» (17-34 шақырым), «Осакаров – Молодежное» (69-81 шақырым), «Қаражал – Атасу» (0-28 шақырым) автомобиль жолдары қайта жаңарту жұмыстарынан өтуде. Бұдан бөлек, облыстық маңызы бар «Новодолинка – Шахан – Молодецкое» автомобиль жолындағы Нұра және Соқыр өзендері арқылы өтетін 2 көпірде қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, Қарағанды облысында «Қарақұдық елді мекеніне кіру жолы» (0-11 шақырым), «Теміртау қаласының айналма жолы» (0-4 шақырым), «Қарқаралы – Аманжолов – Ақкөре – Сарыобалы» (10-20 шақырым), «Пикет – Соналы – Ізенді» (0-14 шақырым), «Осакаров – Озерное -19партсъезд» (0-13 шақырым), «Қызылтау елді мекеніне кіру жолы» (9-18 шақырым), «Қарағанды – Самар – Атасу – Айнабұлақ» (0-24, 61-81 және 111-130 шақырымдар) жобалары аясында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Мұнымен қоса, жолшылар жергілікті маңызға ие «Просторное – Жарық – Ақсу – Аюлы – Ақтоғай – Балқаш» (371-396 шақырым), «Қарағанды – Тоғызқұдық – Ботақара» (27-48 шақырым), «Қаражал – Ақтау» (31-61 шақырым), «Осакаров – Молодежное» (18-42,5 шақырым), «Ақсу – Аюлы –Қайрақты – Ағадыр – Мойынты» (45 -71,4 шақырым), «Қарағанды – Ботақара – Ақбел – Үміткер» (0-36,3 шақырым), «Просторное – Жарық – Ақсу – Аюлы –Ақтоғай – Балқаш» (0-33 шақырым), «Ұлытау – Бозтұмсық – Малшыбай –Сәтбаев» (174-204 шақырым), «Қарағанды – Аягөз – Қарағайлы – Қарқаралы» (9-31 шақырым), «Қарағанды – Шахтинск – Есенгелді – Щербаковское – Киевка» (100-123 шақырым) және «Ұлытау – Бозтұмсық – Малшыбай – Сәтбаев» (20-40 шақырым) жолдарын жаңартуда.
Еске салайық, Қарағанды облысындағы жергілікті жолдардың жалпы ұзындығы 5984 шақырымды құрайды. Аталмыш жолдардың 79 % жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда.