ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумактық бөлімшелерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алу бойынша онлайн-кездесу өтті.
Кездесуде Комитеттің жетекшілік ететін төраға орынбасары Н.Қ. Макажановпен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бөлімшелерімен сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының алдын-алу бойынша қызметінің қорытындылары айтылды. Отырысқа ҚР ИИДМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес төрағасының орынбасары – А.К. Алиакпаров және ҚР ИИДМ Әдеп жөніндегі
уәкілі - Г.А. Аубакирова қатысты.
Іс-шараның барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты күшейту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын болдырмауға қатысты шара қабылдамаған үшін жеке жауапкершілік туралы мәселелерді талқылады. Бұдан басқа, Министрлік жанында құрылған «Адалдық аланы» жобалық кеңсесімен сондай-ақ, тікелей аумақтарда ынтымақтасу қажеттілігі айтылды.
Кездесу қорытындылары бойынша Комитеттің аумақтың департаменттері басшыларына сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға және жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.