Елімізде білім беру объектілері 1-қыркүйекке жылу беру маусымына толықтай дайын болады

Елімізде білім беру объектілері 1-қыркүйекке жылу беру маусымына толықтай дайын болады

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігігі жергілікті атқарушы органдардың алдағы жылу беру маусымына дайындығы барысын қадағалап отыр.

Әкімдіктердің деректері бойынша қазіргі уақытта республика көлемінде жылыту маусымына дайындық шамамен 70% құрайды.

2020-2021 жылғы күзгі-қыс кезеңіне дайындық жоспарына сәйкес биылғы 1  қыркүйекке  дейін  елімізде білім  беру объектілері 100% дайын болады. Барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала объектілері 2020  жылғы 15  қазанға  дейін  дайындалады.

Жалпы алғанда, жылу беру маусымына дайындық жұмыстары тұрақты режимінде жүріп жатыр.