
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен бірлесіп, импорттық құрылыс материалдарын алмастыратын жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша ұсыныстарды қабылдау басталғанын хабарлайды.
Бұл материалдардың тізбесіне отқа төзімді керамикалақ кірпіштер, санфаянс, тұсқағаздар, лак-бояулар, ламинат, линолеум (коммерциялық), жабынды, жылу оқшаулағыш, қасбеттік әрлеуші материалдар, қаптайтын қызыл кірпіштер кіреді.
Қойылатын талаптар: заманауи озық технологияларды қолдану, жоспарланған өндіріс орнының шикізат қорына, логистикаға қолайлы орналасуы, шикізат қорының жеткілікті болуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуын қамтитын бизнес жоспардың болуы.
Аталған жобаларды іске асыру барысында мемлекет тарапынан түрлі қолдау тетіктерін (преференциялар, өнімді өткізудің кепілдендірілген нарығы және т.б.) қарастыру жоспарлануда.
Қойылатын талаптар: заманауи озық технолгияны қолдануы, жоспарланып отырған өндірістің шикізат базасына, логистикаға қолайлы орналасуы, жеткілікті шикізат базасының, жаңа жұмыс орындарының ашылуы қамтылған бизнес-жоспарының болуы.
Жобалар бойынша өтінімдерді b.kasenov@miid.gov.kz; a.zhanakhmet@miid.gov.kz электрондық мекенжайларына жолдауға болады.
Байланыс телефондары: +7 7172 74 21 85; +7 701 983 21 21; +7 701 965 55 55.