
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде бейнеконференция режимінде «Ашық НҚА» интернет-порталында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау мәселелері бойынша құқықтық семинар өтті.
Семинардың лекторы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті директорының орынбасары – Ельмира Мұратқызы Нұркишева.
Көпшілік талқылау құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері нормативтік құқықтық актілермен қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі.
«Ашық НҚА» порталында (мемлекеттік органның интернет-ресурстары, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар арқылы) талқылау процесіне көптеген тұлғаларды тарту үшін НҚА жобасын орналастыру туралы халықты хабардар етудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, келіп түскен барлық түсініктемелерге сапалы жауап беру және жалпы жария талқылау мерзімдерін сақтау қажеттілігі атап өтілді.
Халықты талқылау және шешім қабылдау процесіне тарту «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізгі алғышарттарының бірі болып табылатынын атап өткен жөн.