
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ алаңында қытайлық Xinjiang Bishui Huichuang Environmental Protection Technology Co.,Ltd. компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында қытайлық мамандар "ҚазҚСҒЗИ" АҚ қызметкерлерін сейсмикалық оқшаулау саласындағы нормативтермен таныстырды. Қытайдағы ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылатын стандарттар мен талаптар туралы айтты.
Сонымен қатар, қытайлық сарапшылар сейсмикалық оқшаулау жүйелерін жобалау және өндіру тәжірибесімен бөлісіп, өз технологияларының ғимараттарды сейсмикалық әсерден қорғауда қалай тиімді шешімдерді әзірлеуге көмектесетінін түсіндірді.