BIM жобаларының сараптамасы «Astana construction forum» аясында талқыланды

BIM жобаларының сараптамасы «Astana construction forum» аясында талқыланды

Астанада құрылыс компанияларын, құрылыс материалдарын өндірушілерді, нарық сарапшылары мен реттеуші өкілдерін жинаған «Astana construction forum» өтуде.

Форум аясында панельдік сессиялар, оның ішінде құрылыста BIM технологияларын қолдану мәселелері бойынша сессия ұсынылды.

Осы сессия барысында «Мемсараптама» РМК Бас директорының орынбасары Саламат Серікхалиев BIM-жобаларға сараптама жүргізу тәжірибесі туралы ақпаратпен бөлісті

Ол тапсырыс берушінің ақпараттық талаптарын дұрыс қалыптастыру қажеттігін атап өтті, сондай-ақ жобалаушыларға талаптарды нақтылау және оны сараптамаға жібермес бұрын модельдің сапасын тексеру қажеттілігі бөлігінде ұсыныстар берді.

Сонымен қатар, қатысушылар цифрлық трендтерді енгізудің проблемалық мәселелерін, BIM технологияларын қолданудың артықшылықтарын талқылады, сондай-ақ BIM-ді құрылыс жобаларының бизнес-процестеріне кезең-кезеңімен енгізудің болашақ жоспарлары туралы бөлісті.

Ашық бос жұмыс орындары туралы ақпаратпен + 7 (7172) 57-45-00 телефоны немесе мемлекеттік портал арқылы толығырақ танысуға болады «Enbek.kz».