
Бүгін, 11 қазанда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова Қарағанды қ. тұрғындарымен кездесу өткізді.
Алғы сөзінде вице-министр цифрландыру саласын жетекшілік ететінін атап өтіп, Министрлікте жер қойнауын пайдалану, өнеркәсіп, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету салаларын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.
Кездесу облыстық IT-хаб ғимаратында сұрақ-жауап форматында өтті. Қатысушылар «eLicense» порталын Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры, Жобалардың кешенді сараптаудың біріңғай порталы сияқты сайттармен біріктіруге қатысты сұрақтар қойды.
Бұдан бөлек, «eQurylys» жүйесінің архитектурасы мен отандық өндірушілердің бірыңғай тізілімі тақырыбы қозғалды, сондай-ақ Бас жоспарға енгізілетін түзетулерді цифрландыру және жер қойнауын пайдалану саласындағы жаңартуларды енгізу туралы айтылды.
Сондай-ақ қатысушы мердігерлердің растайтын құжаттарын тексеру үшін «eQurylys» жүйесін Мемлекеттік сатып алулар порталымен біріктіруге, сондай-ақ құрылыс саласындағы отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік органдармен байланыстыру жүйесінің жалпы архитектурасына қатысты ұсыныстар айтылды.
Жәннат Дүбірова қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, айтылған ұсыныстарды әзірлеуде күш біріктіруді ұсынды.