Қуандық Қажкенов азаматтарды қабылдады

Қуандық Қажкенов азаматтарды қабылдады

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов а. ж. 11 қазанында Үкіметтің Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.

Қатысушылар орындалған тұрғын үй жөндеу жұмыстарының сапасы, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың баспана алуы мен тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша жүгінді. Сонымен қатар, тұрғын үйлерін ала алмай жүрген үлескерлер бойынша мәселелері де қаралды. 

Одан бөлек, вице-министрге құрылыс-монтаждау және жобалау саласында қызмет көрсету мәселесі бойынша да жүгінді.

Вице-министр азаматтарға белсенді ұстанымы үшін алғыс айтып, барлық сұрақтар мен ұсыныстарға жан-жақты жауап берді.