ӨҚМ-де қызметтік хат-хабарлардың сапасын бақылау бойынша кеңес өткізілді

ӨҚМ-де қызметтік хат-хабарлардың сапасын бақылау бойынша кеңес өткізілді

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Үкімет Аппараты қызметкерлерінің қатысуымен Министрліктегі қызметтік хат-хабарларды сапалы рәсімдеу, тапсырмалардың орындалуын бақылаудың жай-күйі мен нәтижелері талқыланған кеңес өткізілді.

Кеңесте Үкімет Аппаратының Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің мамандары Министрлік қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, іс-қағаздар жүргізудегі кейбір мәселелерді шешу жолдарын қарастырды.

Сонымен қатар, мемлекеттік тілде құжаттарды әзірлеудегі және заң жобаларын енгізудегі тәртіпті күшейтуге бағытталған шаралар ұсынылды.