Бақытжан Жүнісбеков Үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты

Бақытжан Жүнісбеков Үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты

ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасы Бақытжан Жүнісбеков Екатеринбург қ. өтіп жатқан XI халықаралық құрылыс форумы аясындағы құрылыс саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты.

Бүгінгі таңда Қазақстан ТМД-ның көптеген елдерімен құрылыс саласында екіжақты байланыстарды табысты дамытуда, бұл нақты нәтижелер әкеліп, жалпы саланың дамуына оң әсерін тигізуде.

Бақытжан Жүнісбеков құрылыс саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық кеңестің отырысында баяндама жасады. Ол 2019-2024 жылдар аралығындағы құрылыс саласындағы жетістіктер мен жұмыстар туралы есеп берді.

«Қазақстан аумақтарды тұрақты жоспарлау және дамыту саясатын белсенді түрде жүзеге асыруда. Мемлекет басшысы қалаларды кешенді дамытудың жаңа стандарттарын әзірлеу және «адам – инфрақұрылымға» қағидатын ұстану қажеттігін атап өтті, – деді ол.

Отырысқа Қазақстан, Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, ТМД Атқарушы комитеті және ТМД Экономикалық даму іскерлік орталығының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, Үкіметаралық кеңес пен бейінді базалық ұйымдардың 2019-2024 жылдардағы қызметі туралы есептер тыңдалып, мақұлданды. Бұл құжаттарды енді ТМД-ның жоғары органдары қарайтын болады.

Мемлекетаралық құжаттардың жобаларын дайындау жөніндегі жұмысты жандандыру мақсатында Үкіметаралық кеңес хатшылығының жанынан, ТМД  мемлекеттерінің құрылысын басқарудың ұлттық органдары өкілдерінен жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Отырысқа қатысушылар Тәжікстанның ғимараттары мен құрылыстарында күн электр жүйелерін қолдану, Өзбекстанның ұлттық мүдделерін ескере отырып Еурокодтарды енгізу, сондай-ақ Ресейдің құрылыс ресурстарын адал өндірушілер мен жеткізушілердің ұлттық тізімін құру туралы ақпараттар алды.