Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күнін мерекелеу

Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күнін мерекелеу

Бүгін Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-да Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейспековтың қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.


Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі экономиканың жай ғана саласы емес, ол ел егемендігінің негізгі элементтерінің бірі және оның сенімді тірегі.

Бұл күні құттықтауларды мастерлер, инженерлер, конструкторлар, ғылыми қызметкерлер және қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының басқа да қызметкерлері, сондай-ақ сала ардагерлері қабылдайды. Сіздердің еңбектеріңіз бен іске деген адалдықтарыңыз – әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігінің тірегі және кепілі.

Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының белсенді жұмысы саланың ғылыми-өндірістік бөлігін дамытуға зор үлес қосып отырғанын атап өткен жөн.


Мереке аясында, қатысушылар викторинаға қатысып, салалық танымдық ойындар ойнап, бір-бірін келе жатқан кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтады.