Қанат Шарлапаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді

Қанат Шарлапаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді

Бүгін 2 қазанда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкіметтің Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.

Қатысушылар мүгедектерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалға беру нарығын реттеу, келісімшарттық аумаққа Лицензия беру, тұрғын үй кешені аумағында құрылыс жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша жүгінді. Сондай-ақ азаматтар Степногорск қ. магистральдық су құбырын қайта жаңғырту және жылу магистралін ауыстыру жобасы, су құбырының құрылысы туралы айтты.

Министр өз кезегінде азаматтарға қатысқандары үшін алғыс айтып, олардың барлық сұрақтарына жан-жақты жауап берді, сондай-ақ жауапты құрылымдық бөлімшелерге тиісті тапсырмалар берді.