
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков Жапонияның Жер, инфрақұрылым, көлік және туризм министрлігінің өкілдерімен кездесу өткізді. МИНАГАВА Нодзому Шетелдік жобалар департаментінің халықаралық ынтымақтастық, саясат бөлімінің директоры ынтымақтастықты нығайту үшін бұл кездесудің маңыздылығын атап өтті.
«Global Company, Pacific Consultants CO.LTD» компаниясының вице-президенті ХОНДА Шинджи - компанияның қызметі мен жүзеге асырылып жатқан жобалары туралы баяндады. Қатысушылар сумен жабдықтау саласындағы инвестициялық ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
Pacific Consultants LTD - Су айдындарындағы әлеуметтік тенденцияларды ескере отырып, мәселелерді бүкіл су айдыны жүйесінің тұтас тұрғысынан қарастырады. IDI құрылысқа қатысты отандық және халықаралық жаңалықтарды жинайды және алдыңғы қатарлы Жапон құрылыс технологиялары туралы ақпаратты шет елдерге жібереді. Сондай-ақ, IDI адам ресурстарын дамыту мақсатында, халықаралық ынтымақтастық бойынша оқыту курстарын немесе лекцияларды өткізеді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қарым-қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдіріп, өзара тиімді серіктестікке дайын екендіктерін білдірді.