Tengri Tyres: Қазақстандағы шина зауыты жаңа атауын ұсынады

Tengri Tyres: Қазақстандағы шина зауыты жаңа атауын ұсынады

Қазақстан Республикасының Саран қаласында орналасқан «Татнефть» ЖАК пен «Аллюр» тобының бірлескен өндірісі 2024 жылы қыркүйекте Tengri Tyres ЖШС («Тенгри Тайерс» ЖШС) заңды тұлғасының қайта тіркелуін аяқтады. Бұның нәтижесінде маусым айында Attar сериялық автомобиль шиналары өндірісін іске қосқан зауыт енді Tengri Tyres («Тенгри Тайерс») деп аталады.

Жаңа атау мен логотипті жасау кезінде Қазақстанның тарихы мен мәдениетін айшықтау мақсаты тұрды. Tengri сөзі күш рухы мен жеңімпаздың бейнесін білдіретін түркі халықтарының мифологиясынан шыққан. Бұл ішкі нарыққа және экспортқа өнім шығаратын заманауи шина компаниясын дәл сипаттайды. Логотип стильдендірілген «Т» әрпіндегі екі маңызды ұлттық символды біріктіреді, ол - қасқыр және Хан Тәңірі тауы.

«Бүгін, біз Қазақстандағы заманауи шина зауытының жаңа атауын ұсынамыз. Инновациялық және жоғары автоматтандырылған өндірісі қазір жарқын және күшті Tengri Tyres атауына ие. Мұнда жетекші әлемдік стандарттар бойынша Аttar шиналары шығарылады: әрбір шинаға енгізілген 200% сапа бақылауы автокөлік иелеріне көлікті қауіпсіз және ыңғайлы басқаруға кепілдік береді», – деді Tengri Tyres компаниясының бас директоры Радий  Бурганов.