Қуандық Қажкенов Бөрлі ауданындағы тұрғын үй құрылысын тексеріп, халықпен кездесу өткізді

Қуандық Қажкенов Бөрлі ауданындағы тұрғын үй құрылысын тексеріп, халықпен кездесу өткізді

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов жұмыс сапарымен Бөрлі ауданында болды.

Бірінші кезекте вице-министр Пугачево а. екі пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. 81 ш. м. жартылай жеке тұрғын үйлер халықтың әлеуметтік осал топтары үшін салынған. Үйлер үш бөлмелі, ас үй, дәретханамен біріктірілген ванна бөлмесі бар, автономды жылыту, барлық коммуникациялар қосылған.

Үй құрылысының жұмыс барысымен танысқан соң, вице-министр аудандық мәдениет үйінде өткен ауданның тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге БҚО әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюпов, Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсанов және аудан тұрғындары қатысты.

Министрліктің арендалық және несиелік тұрғын үймен қамтамасыз ету бөлігіндегі жұмысы туралы есеп тыңдалып, тұрғын үй құрылысы мен пайдалануға беру және сумен қамту бойынша жоспарлы көрсеткіштер айтылды.

Келесі кезекте аудан тұрғындары Қуандық Қажкеновке сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Қатысушылар су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үйлерді, оларды бұрынғы иелеріне қалдыру мүмкіндігін, сондай-ақ кезекте тұрғандарға жалға берілетін баспана беру мәселелерін бойынша жүгінді.