
Бүгін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қызметкерлері «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіп үлгісі» және Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған қалалық сенбілікке қатысты.
Экологиялық бастамаға Министрліктің және Комитеттердің 200-ден астам қызметкері белсене қатысты. Шара барысында Ботаникалық бақ ауданындағы аумақтар тазартылды.
Акцияға еріктілер, түрлі ұйымдардың белсенді өкілдері мен мәдениет қайраткерлері қолдау көрсетті.