Қуандық Қажкенов азаматтарды қабылдау өткізді

Қуандық Қажкенов азаматтарды қабылдау өткізді

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов а. ж. 17 қыркүйегінде Үкіметтің Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.

Астана, Ақтөбе, Степногорск және Көкшетау қ. тұрғындары тұрғын үй сатып алу, үлестік құрылыс жобалары, магистральдық су құбырын реконструкциялау және жылу магистралін ауыстыру, сондай-ақ азаматтардың санаттары арасында жалға берілетін тұрғын үйді бөлу мәселелері жүгінді.

Қабылдау барысында Қуандық Қажкенов азаматтарды қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.