
Бүгін «Құрылыс сараптамасы институтын дамыту» VIII халықаралық конференциясы Қазан қ. өтті, оған ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов, сонымен қатар РФ құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрі Ирек Файзуллин, Беларусь Республикасы, Өзбекстан, Түркіменстан, Татарстан, Әзірбайжан және Қырғыз Республикасының өкілдері қатысты. Іс-шара Ресей Федерациясының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігінің қолдауымен Ресейдің БасМемсараптама ұйымдастыруымен өткізілді.
Кездесуге қатысушылар құрылыс жобаларын өмірлік циклдің әртүрлі кезеңдерінде іске асыру тиімділігін арттыру тетіктерін, соның ішінде инвестициялық жобаларды кешенді қолдауды, құны мен сапасын, құрылыстағы цифрлық менеджментті және сметалық жүйені жетілдіруді талқылады.
«ҚР құрылыс саласының біртұтас цифрлық экожүйесі құрылыс жобаларының жоспарлаудан бастап іске қосуға дейінгі бүкіл өмірлік циклі бойына салынуда. Бұл трансформация құрылыс процесіне қатысушылар үшін ашықтықты, сапалы және ыңғайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған», – деді Қуандық Қажкенов.
Әрбір баяндаманың қорытындысы бойынша ашық пікірталас өткізілді, онда іс-шараның онлайн және офлайн қатысушылары іс-шара барысында туындаған сұрақтарға жауап берді. Конференцияның нәтижесінде ТМД-ға мүше елдердің аумақтарында құрылыс сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдардың одан әрі өзара іс-қимылы және тәжірибе алмасу әдістері жаңартылады.