Ақмола облысы Бұланды ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған баспана

Ақмола облысы Бұланды ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған баспана

 9 қыркүйекте ӨР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысын бақылау үшін Ақмола облысына барды.

Ол Бұланды ауданына қарасты Вознесенка, Иванковка және Журавлевка ауылдарындағы үйлері апаттан залал шеккен отбасыларға үй салынып жатқан нысандарды аралап көрді.

Ахуалдық орталықтың мәліметінше, облыста 1 267 үй зардап шеккен.  Оның 715-і жөндеуді қажет етсе, 552-сі қалпына келтіруге жарамсыз деп танылды. Осыған байланысты 331 жаңа үйдің құрылысы және 221 тұрғын үй нысанын сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Министр құрылыс жұмыстарының кешігуіне алаңдаушылық білдіріп, жұмысшылар тапшылығын, құрылыстың баяу қарқынын және кейбір учаскелердегі материалдармен қамтамасыз етудегі үзілістерді атап өтті. 

Осындай қиындықтарға қарамастан, облыста бұзылған тұрғын үйлерді жөндеу және сатып алу жұмыстары толығымен аяқталып, 142 жаңа үй салынды. Қалғанын аса қысқа мерзімдеаяқтау жоспарлануда.

Министрлік халықты су тасқынынан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы хабардар етуді жалғастырады.