«Қостанай – Денисовка» тасжолының жаңартылған 65 шақырымында қозғалыс осы жылдың қазанында ашылмақ

«Қостанай – Денисовка» тасжолының жаңартылған 65 шақырымында қозғалыс осы жылдың қазанында ашылмақ

Республикалық маңызға ие «Қостанай-Денисовка» автомобиль жолының 65 шақырымын қайта жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жолдың аталмыш учаскесінде қозғалыс осы жылдың қазанында ашылады деп жоспарлануда .

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Абдуллин Қостанай облысына жасаған жұмыс сапарының барысында жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты.

Қайта жаңарту жұмыстары тасжолдың екі учаскесінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Ұзындығы 34,6 шақырымды құрайтын жолдың бірінші учаскесінде жер өңдеу жұмыстары (410 мың текше метр) аяқталып, жолдың 15,7 шақырымында құм мен қиыршық тас қоспасынан жасалған төсеме қабат жайластырылды. Сондай-ақ, «Иврус» компаниясының жолшылары жолдың 15,2 шақырымында жол негізінің төменгі қабатын, 13,7 шақырымында жол негізінің жоғарғы қабатын төседі. Мұнымен қоса, жолдың 13,6 шақырымында жабындының төменгі қабаты жайластырылды. 

Ұзындығы 30 шақырымды құрайтын екінші жол учаскесінде бас мердігер –«АБК-Автодор НС» ЖШС жер өңдеу жұмыстарын (236 мың текше метр) аяқтап, жолдың 19,6 шақырымында төсеме қабатты, 19,3 шақырымында жол негізінің төменгі қабатын жайластырды. Жолдың 18,8 шақырымында жол негізінің жоғарғы қабаты, 18,8 шақырымында жабындының төменгі қабаты, 15,8 шақырымында жабындының жоғарғы қабаты төселді. 

Елде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға қарамастан қос жол учаскесіндегі жұмыстар жоспарланған кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Жолдың аталмыш учаскелерінде қозғалыс осы жылдың қазанында ашылады деп күтілуде. Жоба аясындағы жұмыстарға техниканың 238 бірлігі мен 600-ден астам жұмылдырылған.