
Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Астана халықаралық қаржы орталығында өтіп жатқан «Astana Finance Days 2024» Еуразиялық аймақтың негізгі қаржы конференциясына қатысты.
AFD жетекші қаржы саласы сарапшыларын, инвесторларды және еуразиялық аймақтың бизнес көшбасшыларын біріктіреді. Биылғы жылы конференцияның тақырыбы «Инновация. Инвестициялар. Әсер ету», оның мақсаты – қаржы секторындағы озық технологияларды, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін және қаржының тұрақты дамуға әсері мен қоғамдағы оң өзгерістерді талқылау.
Өз сөзінде Қанат Шарлапаев Қазақстандағы инвестициялық ахуалға және инвесторларға жасалып жатқан преференцияларға тоқталды. Сондай-ақ ол өңдеу өнеркәсібі мен тау-кен металлургиясында айтарлықтай өсім бар екенін айтты. Министр тау-кен өнеркәсібіндегі қолайлы климат ірі компанияларды тартатынын атап өтті.
Сонымен қатар, Қанат Шарлапаев тұрғын үй құрылысында тұрақты даму қажеттігін баса айтты. «Тұрақты даму» тұжырымдамасы жаңартылатын және қайта өңделетін ресурстарды пайдалана отырып құрылыс салуды, сондай-ақ қалдықтар мен энергияны тұтынуды азайту арқылы қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қамтиды.
Конференция барысында келесі тақырыптар бойынша панельдік сессиялар өткенін атап өткен жөн: аймақтық инфрақұрылымға инвестицияның болашағын қалыптастыру, энергетика мен құрылысты дамыту мәселелері, Орталық Азиядағы тұрақты қаржыландыру жағдайы, баламалы инвестиция саласындағы инновациялық инвестициялық стратегиялар, өтпелі кезеңді қаржыландыру, электромобильдерге көшу үшін қолайлы қаржылық жағдай жасау, активтерді басқарудағы операциялық және әкімшілік қызметті жетілдіру, креативті салалардағы таланттарды инвестициялау, адами капиталды дамытудағы жасанды интеллект салдары, тәуекелдері мен мүмкіндіктері және т.б. Бұл іс-шараның Қазақстанның дамуы үшін жан-жақтылығы мен маңыздылығын көрсетеді.