
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын мониторингтеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 12 мамырдағы № 265 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасын жариялады.
Бұйрық жобасы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді, яғни стратегиялық, реттеуіш, іске асыру немесе бақылау функцияларын іске асыру процесінде әкімшілік дереккөздер есепке алу деректерін немесе өзге де деректерді әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітуге міндетті.
Осыған байланысты, Бұйрық жобасында әкімшілік деректерді өтеусіз негізде әкімшілік дереккөздермен ұсыну нысаны бекітіледі.