Astana Finance Days 2024 аясындағы инновациялар мен инвестициялар

Astana Finance Days 2024 аясындағы инновациялар мен инвестициялар

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов а.ж. 5 қыркүйегінде «Astana Finance Days 2024: Инновациялар. Инвестициялар. Әсер ету» халықаралық конференциясына қатысты.

AFD конференциясы қаржылық салалардағы өзекті мәселелерді, үрдістерді және мүмкіншіліктерді талқылау және нетворкинг алаңы. Шарада 70 елден 3 000-ға жуық қатысушылар жиналды, соның ішінде мемлекеттік органдардың өкілдерін, қаржы мен экономика салаларындағы сарапшыларды, инвесторларды, бизнес иелерін, ірі халықаралық банктердің, шетелдік қор нарықтарының басшыларын және т.б.

Вице-министр «Қаржы, құқық және даму: аймақтағы инфрақұрылымдық инвестициялардың болашағын қалыптастыру» тақырыбындағы панельдік сессияда сөз сөйледі. Отырыста қатысушылар Қазақстандағы және басқа ТМД елдеріндегі инфрақұрылымдағы кемшіліктерді талқылады. Қаржыландырудың инновациялық шешімдеріне баса назар аударылды.

Қуандық Қажкенов жылу, су құбыры және кәріз желілерінің – 50%, жылу желілерінің – 53%, сумен жабдықтау – 40%, су тарту жүйесінің – 56%-ға тозуы бойынша ағымдағы жағдайға тоқталды. Тозған жабдық бұзылымдарға, қызмет көрсетудің үзілуіне және өмір сүру сапасының төмендеуіне әкеледі.

«Президенттің Жолдауына сәйкес қазіргі уақытта жалпы сомасы шамамен 2,5 трлн теңгеге 10,2 мың шақырым коммуналды желілерді, оның ішінде 1,9 мың шақырым жылу желілерін, 5,3 мың шақырым су құбыры және 3 мың шақырым су тарту желілері құрайтын коммуналды желілерді жөндеуді қарастыратын республикалық жоба әзірленуде», – деді вице-министр.

Қуандық Қажкенов өз сөзінде 830 млрд тг құрайтын КТҚ жобаларын жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. Қазақстанда 45 жоба бар, оның 8-і дайындық сатысында, қалған жобалар бойынша қаржыландыру көздерін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы, алдағы 5 жылда коммуналды желілер мен кәріз-тазарту құрылыстарына жалпы сұраныс шамамен 3,5 трлн теңгені құрайды. 2030 жылға қарай жылу, сумен жабдықтау және су тарту желілерінің тозуын 40 пайызға дейін төмендету жоспарлануда.

Қорытындылай келе, Қуандық Қажкенов Министрлік аталған жобаларды жүзеге асыруда ынтымақтастыққа ашық екенін айтты.